О внесении изменений и дополнений в решение XХXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XXXIII сессиясының № 1115/33 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, қалалық маслихат, ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шахтинск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырдағы «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19 «Шахтинский вестник» газетінде жарияланған) № 1115/33 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: Көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін белгілеу және тізімін айқындау қағидаларында: 7 тармақтың 16) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «16) амбулаториялық емделу кезiнде, әлеуметтiк мәнi бар «туберкулез» ауруы бар азаматтар;»; 7 тармақтың 17) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «17) операциядан кейінгі емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «қатерлі ісік» ауруы бар азаматтар;»; 7 тармақ келесі мазмұнда 18) тармақшасымен толықтырылсын: «18) адамның иммунитет тапшылығы вирусын (АИВ) тудыратын ауру әлеуметтік мәні бар ауруы бар азаматтар.»; 10 тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «5) адамның иммунитет тапшылығы вирусын (АИВ) тудыратын ауру пайда болған әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;»; 10 тармақ келесі мазмұнда 6) тармақшамен толықтырылсын: «6) күнкөрiс деңгейiнен 0,6 еселiк мөлшерден аспайтын жанбасына шаққандағы орташа табыстың болуы.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.