О внесении изменений и дополнений в решение XXIII-й внеочередной сессии Алматинского городского Маслихата II-го созыва от 28 декабря 2002 года "Об утверждении ставок земельного налога по городу Алматы" Күшін жойған
Басқа 0
II-сайланған Алматы қаласы Мәслихатының кезектен тыс XХIII-сессиясында 2002 жылғы 28 желтоқсанда бекiтiлген "Aлматы қаласы бойынша жер салығының төлемдерiнiң мөлшерлемелерiн бекiту туралы" шешiмiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiнiң 333 бабының 1-шi тармағы, 338 бабының 1-шi тармағы мен Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысына сәйкес III-сайланған Алматы қаласы Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы Мәслихатының II-сайланған кезектен тыс XХIII-сессиясында 2001 жылғы 28 желтоқсандағы "Алматы қаласы бойынша жер салығының төлемдерiнiң мөлшерлемелерiн бекiту туралы"
шешiмiнiң
N 1, N 2 қосымшаларына келесі өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) N 1 қосымшада "30%" саны "40%" санына, "34,64" саны "40,53" санына өзгертiлсiн;
Тармақша 2
2) N 2 қосымшада "3" саны "5,00" санына өзгертiлсiн.
Тармақ 2
2. Бұл шешiм 2004 жылғы қаңтардың 1-нен бастап күшiне енеді.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және бюджет жөнiндегi тұрақты комиссиясы (А.И.Шелипанов) және Алматы қаласы бойынша салық комитетiнiң төрағасы Қ.Е. Баедiловке жүктелсiн.
Басқа 6
III-сайланған Алматы
қаласы Мәслихатының
2003 жылғы 24 желтоқсандағы
IV-сессиясы N 22 шешiмiне
N 1 қосымша
Алматы қаласының жерлерiнiң аудандастыру (сұлбалары) жобасының негiзiнде базалық салық
мөлшерлемелерiнiң түзетiлiмi
Ең төменгi мөлшерлемесi
Базалық мөлшерлеме
Ең жоғарғы мөлшерлеме
2004 жылы 40% қосылып 10% шегерiлiп теңгемен бекiтiлген жер салығының сараланған мөлшерлемесi
26,06
28,95
40,53
Басқа 7
III-сайланған Алматы
қаласы Мәслихатының
2003 жылғы 24 желтоқсандағы
IV-сессиясы N 22 шешiмiне
N 2 қосымша
Үй төңірегіндегі жер төлемдерінің
базалық салық мөлшерлемелері
100 шаршы метрден асатын жер телiмдерi бойынша
1000 шаршы метрден асатын жер телiмдерi салығының мөлшерлемесi
бiр шаршы метр үшiн 5,00 теңге