О внесении изменения в решение XXV сессии Каркаралинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 25/203 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарқаралы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы ХХV сессиясының № 25/203 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы XXV сессиясының № 25/203 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2514 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы «Қарқаралы» № 7 - 8 (11234) газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 31 қаңтарда жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында: 12-тармақтың жетінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын: «әлеуметтік маңызды ауру тұлғаларға (туберкулез, жұқтырылған имунн тапшылығындағы синдромы, онкологиялық ауруларға) стационарда емделу кезеңіне және емделу мекемесіне баруына және қайтуына – 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, бір рет.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.