О внесении изменений в решение XXV сессии Каркаралинского районного маслихата от 24 декабря 2013 года № 25/203 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
Қарқаралы аудандық мәслихатының
2013 жылғы 24 желтоқсандағы
XXV сессиясының № 25/203 «Әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарқаралы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсанындағы XXV сессиясының № 25/203 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2514 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қаңтардағы «Қарқаралы» № 7-8 (11234) газетінде, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2014 жылы 31 қаңтарда жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы және мереке күндерінің тізбесі:
1) 1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
2) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;
3) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;
4) 21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
5) 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;
6) 9 мамыр - Жеңіс күні;
7) 6 шілде - Астана күні;
8) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні;
9) 1 қазан - Қарттар күні;
10) 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні;
11) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсізідік күні.»;
16 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.