О внесении изменений и дополнения в решение XXVI сессии Шетского районного маслихата от 25 ноября 2014 года № 26/223 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған
Басқа 0
Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы XXVI сессиясының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» №26/223 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы» қаулысына сәйкес, Шет аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы XXVI сессиясының «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» №26/223 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2892 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 01(10517) «Шет Шұғыласы» газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 8 қаңтарында жарияланған), келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
Тармақша 1
1) 10 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«10. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылатындар:
1) азаматқа (отбасына) немесе оның мүлкіне табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян келтірілсе;
2) амбулаториялық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар «туберкулез» ауруы, адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушы және адамның иммунитет тапшылығы вирусынан пайда болған әлеуметтік мәні бар ауруы болса;
3) өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек азаматтың (отбасының) айлық орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1 еселік мөлшерден аспайтын жағдайда ұсынылады.»;
Тармақша 2
2) 15 тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын;
Тармақша 3
3) 17-1 тармақ алынып тасталсын;
Тармақша 4
4) келесі мазмұндағы 24-1 тармақпен толықтырылсын:
«24-1. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;
2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы айлық орташа табысы белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.»;
Тармақша 5
5) 26-1, 26-2, 26-3, 26,4 тармақтар алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.