О внесении дополнения в решение XXVI-й сессии маслихата города Алматы III созыва от 20 ноября 2006 года № 284 «Об утверждении Плана реализации градостроительных регламентов застройки функциональных зон территории города Алматы» Күшін жойған
Басқа 0
«Алматы қаласы аумақтарының
функционалдық аймақтарында
құрылыс салудың қалақұрылыстық
регламенттерін жүзеге асыру
жоспарын бекіту туралы» ІІІ сайланған
Алматы қаласы мәслихатының
2006 жылғы 20 қарашадағы
XXVІ сессиясының № 284 шешіміне
толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 желтоқсандағы № 1330 қаулысымен бекітілген Алматы қаласының Бас жоспарына және Алматы қаласы әкімінің ұсынуына сәйкес, қалалық ортаны кешенді көріктендіру және эстетикалық ұйымдастыру және экологиялық қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік ыңғайлы тіршілік ортасын құру мақсатында, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХVI сессиясының 2006 жылғы 20 қарашадағы № 284 «Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін іске асыру жоспарын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 720 тіркелген, 2006 жылғы 21 желтоқсандағы «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласы аумақтарының функционалдық аймақтарында құрылыс салудың қалақұрылыстық регламенттерін іске асыру жоспарының 4 қосымшасындағы:
Ж-З Шағын қабатты құрылыс салу (2-3 қабат) жер телімінсіз аймағы тарауының бөлігі келесі мазмұндағы соңғы азатжолмен толықтырылсын:
«Шығыс айналма жолының (ШААЖ) параметрлерін белгілеу Әл-Фараби даңғылының, Саин, Жандосов көшелерінің (Саин көшесінен қала шекарасына дейін) оңтүстігінде орналасқан барлық құрылыс түрлеріне шығыңқы іргелік қабатты қоспағанда үш қабаттан көп емес етіп белгілеу, биіктігі жер деңгейінен жақтаудың ұштауына (жабынның ұшы) дейін он екі метрден аспайтын және ені он бес метрден көп емес, жерасты бөлігінде паркинг орналастыру кезінде ғимараттың енін он жеті метрден асырмай (ендік бағытта), ауа лебін өткізу үшін ғимараттарды меридиан бағытында орналастыру».
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Б.С. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Б.О. Сауранбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Алматы қаласы
әкімінің орынбасары
Б. Сауранбаев
Алматы қаласы әкімі
аппаратының басшысы
М. Сембеков
Алматы қаласы
Сәулет және қала құрылысы
басқармасының басшысы
Ғ. Садырбаев
Алматы қаласы әкімі аппараты
мемлекеттік-құқықтық бөлімі
басшысының міндетін атқарушы
Ж. Мұхамеджанов