О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата (внеочередная XXVI сессия, III созыв ) от 26 мая 2006 год № 361/26 «О размерах ставок фиксированного суммарного налога и акциза на объекты игорного бизнеса» Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезектен тыс XXVI сессиясы) 2006 жылдың 26 мамырдағы «Ойын бизнесі объектілері акциздерінің және тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы» № 361/26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 14 тармақшасы, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Кодексінің 258, 394 бабтарының, аталмыш ойын бизнесі объектілері акциздерінің және тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері бойынша қаланың салық комитетінің есебі, казино объектісінің хронометражды тексеру № 393 актісі негізінде қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезектен тыс XXVI сессиясы) 2006 жылдың 26 мамырдағы "Ойын бизнесі объектілері акциздерінің және тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері туралы" (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2006 жылы 14 маусымда 12-3-64 нөмірімен тіркелген, "Вести Экибастуза" газетінің 2006 жылғы 22 маусымдағы № 25 нөмірінде және "Отарқа" газетінің 2006 жылғы 22 маусымдағы № 25 нөмірінде жарияланған) № 361/26 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. Кіріспедегі "ақшасыз ұтыс ойын автоматтарының" сөздері "ойын бизнесінің объектілері" сөздерімен ауыстырылсын;
1 тармақтың 3) тармақшасындағы "2040" сандары "470" сандарына ауыстырылсын, "300" сандары "340" сандарына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Аталмыш шешім оның ресми жарияланған күнінен кейін, он күнтізбелік күні өткенде қолданысқа енеді.