О внесении дополнений в решение Павлодарского областного маслихата (XXVII сессия II созыв) от 19 июня 2003 года "О социальной поддержке отдельных категорий граждан области в 2003 году" № 136/27 НГР 1969 от 24.07.03 года Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облыстық мәслихатының (II сайланған ХХYII сессиясы) 2003 жылғы 19 маусымдағы "2003 жылы облыс азаматтарының жекелеген санаттарын әлеуметтiк қолдау туралы" № 136/27 шешіміне толықтыру енгізу туралы, 24.07.03 жылы МТН № 1969 Облыс халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту департаментiнiң бастығы М.Б. Қалышбековтың "2003 жылы облыс азаматтарының жекелеген санаттарын әлеуметтiк қолдау туралы" облыстық бағдарламаға толықтыру енгiзу туралы баяндамасын тыңдап және талқылай келе, Қазақстан Республикасының: "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабына, облыс әкiмдiгiнiң 2003 жылғы 1 сәуiрдегi "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуына ақы төлеу үшiн әлеуметтiк көмек тағайындау туралы" № 70/4 қаулысына сәйкес жетiм-балалар саны iшiндегi студенттерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы балаларға атаулы әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Павлодар облыстық мәслихатының (II сайланған ХХYII сессиясы) 2003 жылғы 19 маусымдағы "2003 жылы облыс азаматтарының жекелеген санаттарын әлеуметтiк қолдау туралы" № 136/27 шешiмiне мынадай толықтыру енгiзiлсiн: бюджеттiк бағдарламалардың қосымшасында: "Жергiлiктi уәкiлеттi органдар шешiмi бойынша жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтiк төлемдер" 051 - бюджеттiк бағдарламада: бекiтiлген қаржының жалпы сомасы 58929,0 мың теңге болып табылады; мынадай мазмұндағы 15 тармақпен толықтырылсын: 2 бағандағы 15. "Аз қамтамасыз етiлген отбасыларындағы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жалпы бiлiм беру мектеп түлектерiне облыстың жоғары оқу орындарындағы оқу ақысын төлеуге арналған әлеуметтiк көмек", 3 бағанда - "200", 4 бағанда - "96000", 5 бағанда - "19200,0".