О внесении изменения и дополнения в решение XXVIII сессии Петропавловского городского маслихата от 25 августа 2003г. № 3 «О Правилах предоставления малообеспеченным гражданам жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг» (рег. 1020 от 18.09.2003г.) Күшін жойған
Басқа 0
«Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлеміне тұрғындык жәрдем берудің Ережесі туралы» Петропавл қалалық мәслихаттының XXVІІІ сессиясының 2003ж. 25 тамыздағы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (тіркеу 1020 18.09.2003 ж.)
«Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау мәселесі жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашасынан № 477-13 ҚР Қазақстан Республикасы Заңының «Тұрғындардың көші-қон туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 204-1 Заңының 14, 29 баптары негізінде Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметтердің төлеміне тұрғындық жәрдем берудің Ережесі туралы» Петропавл қалалық мәслихаттың 2003 жылғы 25 тамыздағы XXVIII сессиясының №3 шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (тіркеу № 1020 2003 жылғы 18 қыркүйек «Добрый вечер» № 39, 2003 жылғы 26 қыркүйек) көрсетілген шешіммен бекітілген.
Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй ұстауға және коммуналдық қызметті төлеуге тұрмыстық көмек беру Ережесі:
мына мазмұндағы 9-1 тармақпен толықтырылсын:
«9.1. Оралмандарға тұрмыстық көмек белгілеу туралы шешім белгіленген үлгідегі оралманның жеке куәлігі, тұрғын үй жалдаушының өтініші, тұрғын үй жалдау келісім шарты мен анықтамалар: отбасы туралы, отбасының кіріс жинағы туралы, меншікті тұрғын үйінің барлығы туралы, тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті төлеу жөніндегі шығыстары негізінде қабылданады».
Тармақ 2
2. Осы шешім областық әділет департаментінде тіркелгеннен кейін өз күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.