О внесении изменения в решение XXVIII сессии Каражалского городского маслихата от 31 марта 2014 года № 220 «Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории посёлка Шалгинск» Күшін жойған
Басқа 0
Қаражал қалалық мәслихатының
2014 жылғы 31 наурыздағы ХХVIII
сессиясының № 220 «Шалғы кентінің
аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық
жиындарын өткізу қағидаларын бекіту
туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы ХХVIII сессиясының № 220 «Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2622 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 11 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 17 мамырдағы № 21 (693) «Қазыналы өңір» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларында:
12 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«12. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны «Шалғы кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне береді.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.