О внесении изменения в решение XXVIII сессии Карагандинского городского маслихата III созыва от 14 марта 2006 года № 4 "Об оказании социальной помощи на проезд на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан города Караганды" Қолданыста
Басқа 0
ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессияcының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне өзгерту енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Заңының 8 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабына және "2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 16 желтоқсандағы N 1243 қаулысының 1 тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 8-1-25, 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 13 (129) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 31 қаңтардағы XLV сессиясының "ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" N 2 шешімімен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 8-1-49, 2007 жылғы 16 ақпандағы N 16 (207) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 қазандағы II сессиясының "ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" N 20 шешімімен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі N 8-1-62, 2007 жылғы 12 қарашадағы N 127 (315) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 тармақтың 1 тармақшасындағы "10815" саны "12821" санына ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша тұрақты комиссияға жүктелсін (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.