О внесении изменений в решение XXVIII сессии Карагандинского городского маслихата III созыва от 14 марта 2006 года № 4 "Об оказании социальной помощи на проезд на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан города Караганды" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурызындағы ХХVІІІ сессиясының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне өзгертулер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына және "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы Заңының 8 бабының 4 тармағына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
Тармақ 1
1. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген N 8-1-25, 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 13 (129) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 31 қаңтардағы ХІV сессиясының "ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 2 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген N 8-1-49, 2007 жылғы 16 ақпандағы N 16 (207) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 қазандағы ІІ сессиясының "ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурызындағы ХХVІІІ сессиясының Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" N 20 шешімімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген N 8-1-62, 2007 жылғы 12 қарашадағы N 127 (315) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 31 наурыздағы VІІ сессиясының "ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурызындағы ХХVІІІ сессиясының Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" N 74 шешімімен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген N 8-1-71, 2007 жылғы 7 мамырдағы N 040 (369) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:
Тармақша 1
1) 1 тармақтың 1 тармақшасындағы "12821 теңгеден" саны "он бір жарым айлық есептік көрсеткіштен" сөздерімен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 3 тармақтағы "650" санын "1050" санымен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Аймағамбетов Асхат Қанатұлы).
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2008 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған қатынастарға таратылады.