О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата (очередная XXX сессия, V созыв) от 19 июня 2014 года № 230/30 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории села Шикылдак города Экибастуза" Күшін жойған
Басқа 0
Екібастұз қалалық мәслихатының (V шақырылған кезекті XXX сессия) 2014 жылғы 19 маусымдағы "Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 230/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының
39-3-бабына
, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106
Қаулысымен
бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің
үлгі қағидаларына
сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты
ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қалалық мәслихатының (V шақырылған кезекті ХХХ сессия) 2014 жылғы 19 маусымдағы «Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» № 230/30 шешіміне (бұдан әрі - шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3882 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 тамыздағы № 31 «Отарқа» газетінде, 2014 жылғы 7 тамыздағы № 31 «Голос Экибастуза» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің 2-тармағындағы «сайлаушыларының» сөзі «ауыл тұрғындарының» сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген Екібастұз қаласы Шиқылдақ ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары 1-тармағында «және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын белгілеу» сөздер алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.