О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата (очередная XXX сессия, V созыв) от 19 июня 2014 года № 238/30 "Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количества представителей жителей сел для участия в сходе местного сообщества на территории Торт-Кудукского сельского округа города Экибастуза" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Екібастұз қалалық мәслихатының (V шақырылған кезекті XXX сессия) 2014 жылғы 19 маусымдағы "Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 238/30 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 Қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қалалық мәслихатының (V шақырылған кезекті ХХХ сессия) 2014 жылғы 19 маусымдағы «Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы» № 238/30 шешіміне (бұдан әрі - шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3888 болып тіркелген, 2014 жылғы 7 тамыздағы № 31 «Отарқа» газетінде, 2014 жылғы 7 тамыздағы № 31 «Голос Экибастуза» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: шешімнің 2-тармағындағы «сайлаушыларының» сөзі «ауыл тұрғындарының» сөздерімен ауыстырылсын; көрсетілген шешіммен бекітілген Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларының 1-тармағындағы: «және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің санын белгілеу» сөздер алынып тасталсын; «ауыл» сөзі «ауылдар» сөзімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.