О внесении изменения в решение XXXI-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 10 сентября 2014 года № 262 «Об утверждении нормы образования и накопления коммунальных отходов по городу Алматы» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
V-сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХІ сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 262 «Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Казақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiнiң 19-бабының 6-1) тармақшасына, Казақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Казақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43-1 бабына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. V-сайланған Алматы қаласы мәслихаты XХХІ сессиясының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 262 «Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1090 тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2014 жылғы 18 қазанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қала құрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа (келісім бойынша) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шорманов Алматы қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы А. Қасымова Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы М. Сұлтанғазиев Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы А. Рахимбетов Алматы қаласы Қаржы басқармасының басшысы А. Әбдіқадырова Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы С. Қабдолов
Басқа 5
V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХVIІ сессиясының 2015 жылғы «17» наурыздағы №315 шешіміне қосымша Алматы қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары № Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік Жинақталудың есептік нормалары* 1 Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын 2,90 2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын 1,19 3 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 1,54 4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 1,01 5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 1,55 6 Емханалар 1 адам 0,03 7 Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 1,10 8 Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары 1 оқушы 0,35 9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 тағам 2,50 10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 орын 0,49 11 Мұражайлар, көрмелер жалпы алаңы 1 м ² 0,02 12 Стадиондар, спорт алаңдары жоба бойынша 1 орын 0,03 13 Спорт, би және ойын залдары жалпы алаңы 1 м ² 14 Азық-түлік дүкендері сауда алаңы 1 м ² 1,61 15 Машиналардан сату сауда орны 1 м ² 1,61 16 Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер сауда алаңы 1 м ² 1,14 17 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер сауда алаңы 1 м ² 0,78 18 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары жалпы алаңы 1 м ² 0,10 19 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары жалпы алаңы 1 м ² 0,26 20 Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету жалпы алаңы 1 м ² 0,96 21 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар жалпы алаңы 1 м ² 0,58 22 Жағажайлар жалпы алаңы 1 м ² 0,43 23 Дәріханалар сауда алаңы 1 м ² 1,15 24 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина-орын 10,90 25 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 3,10 26 Гараж кооперативтері 1 гаражға 0,15 27 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 1,88 28 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі жалпы алаңы 1 м ² 0,62 29 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары жалпы алаңы 1 м ² 0,43 30 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.) 1 жұмыс орны 0,44 31 Моншалар, сауналар жалпы алаңы 1 м ² 0,89 32 Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы 0,85 33 Бау-бақша кооперативтері 1 учаске 2,30 * Жинақталудың есептік нормалары – жылына/м³