О внесении изменений в решение XXXI-й сессии маслихата города Алматы V-го созыва от 10 сентября 2014 года № 263 "Об утверждении Правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в городе Алматы" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХІ сессиясының «Алматы қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 263 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХІ сессиясының «Алматы қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 263 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1091 болып тіркелген, 2014 жылғы 21 қазанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: аталған шешіммен бекітілген Алматы қаласында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларының: 2 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «2. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды, уақытша ұстауды, тасымалдауды және жоюды Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы қаласының ветеринариялық орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) жүзеге асырады.»; 4 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «4. Қағида «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексіне, «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына және «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.»; 12 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын: «12. Ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтар туралы ақпарат Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасының интернет-ресурсында орналастырылады.».
Тармақ 2
2. Алматы қаласы мәслихатының аппараты осы шешімді интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы  Б. Шинге және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукеновке (келісім бойынша) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Әукенов Алматы қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы А. Қасымова Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ә. Сейдақматов