О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата (XXXII сессия, II созыв) от 18 марта 2003 года № 2.130 «О стоимости разовых талонов для расчета с бюджетом субъектов малого бизнеса» (Зарегистрировано в Департаменте Юстиции № 1766 от 25 апреля 2003 года, опубликовано в газетах «Вести Экибастуза» № 20 от 22 мая 2003 года, «Отарка» № 25 от 19 июня 2003 года) Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қалалық мәслихатының 2003 жылғы 18 наурыздағы (II шақырылған XXXII сессия) «Шағын бизнес субъектілерінің бюджетпен есептесуі үшін біржолғы талондардың кұны туралы» № 2.130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Әділет Департаментінде 2003 жылғы 25 сәуірде № 1766 тіркелген, «Вести Экибастуза» 2003 жылғы 22 мамырдағы № 20, «Отарқа» 2003 жылғы 19 маусымдағы
№ 25 газеттерінде жарияланған)
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы 6 бабы 1 тармағы 14 тармақшасы, Қазақстан Республикасының «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) 369, 373 баптары, Екібастұз қаласы салық комитетінің хронометраждық зерттеулері мен Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі Салық комитетінің 2006 жылғы 29 қарашадағы № 601 Бұйрығымен біржолғы талондарды беру Ережесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты және Екібастұз қаласы Әділет Басқармасының (2007 жылғы 12 маусымдағы шығ. № 5-02/355) хаты негізінде, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Екібастұз қалалық мәслихатының (II шақырылған XXXVII сессия) 2003 жылғы 8 тамыздағы «Екібастұз қалалық мәслихатының (II шақырылған XXXII сессия) 2003 жылғы 18 наурыздағы «Шағын бизнес субъектілерінің бюджетпен есептесуі үшін бір жолғы талондардың құны мен белгіленген салық сомасының көлемі туралы» № 2.130 шешімінің қосымшасына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 3 қыркүйекте № 2010 тіркелген, «Вести Экибастуза» 2003 жылғы 17 қыркүйектегі № 37, «Отарқа» 2003 жылғы 17 қыркүйектегі № 38 газеттерінде жарияланған) № 2.177 шешімімен, Екібастұз қалалық мәслихатының 2005 жылғы 25 наурыздағы «Екібастұз қалалық мәслихатының
(II шақырылған XXXII сессия) 2003 жылғы 18 наурыздағы «Шағын бизнес субъектілерінің бюджетпен есептесуі үшін бір жолғы талондардың кұны мен белгіленген салық сомасының көлемі туралы» № 2.130 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік кұқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы 6 сәуірде № 2969 тіркелген, «Вести Экибастуза» № 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 15, «Отарқа» 2003 жылғы 14 сәуірдегі № 16 газеттерінде жарияланған) № 3.179 шешімімен, Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған кезектен тыс XIX сессия) 2005 жылғы 14 қазандағы «Екібастұз қалалық мәслихатының (II шақырылған XXXII сессия) 2003 жылғы 18 наурыздағы «Шағын бизнес субъектілерінің бюджетпен есептесуі үшін бір жолғы талондардың құны мен белгіленген салық сомасының көлемі туралы № 2.130 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 11 қарашадағы № 12-3-40 тіркелген, «Вести Экибастуза» 2005 жылғы 17 қарашадағы № 46, «Отарқа» 2005 жылғы 11 қарашадағы № 47 газеттерінде жарияланған) № 243/19 шешімімен, Екібастұз қалалық мәслихатының
2006 жылғы 12 желтоқсандағы (III шақырылған кезектен тыс XXXII сессия)
«Екібастұз қалалық мәслихатының 2003 жылғы 18 наурыздағы (II шақырылған
XXXII сессия) 2003 жылғы 18 наурыздағы «Шағын бизнас субъектілерінің
бюджетпен есептесуі үшін бір жолғы талондардың құны мен белгіленген салық
сомасының көлемі туралы» № 2.130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
(нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы
20 желтоқсандағы № 12-3-80 тіркелген, «Вести Экибастуза» 2006 жылғы
4 қаңтардағы № 1, «Отарқа» 2006 жылғы 11 қаңтардағы № 2 газеттерінде
жарияланған) № 402/32 шешімімен енгізілген өзгерістермен, Екібастұз қалалық
мәслихатының (II шақырылған XXXII сессия) 2003 жылғы 18 наурыздағы
«Шағын бизнес субъектілерінің бюджетпен есептесуі үшін біржолғы
талондардың құны мен белгіленген салық сомасының көлемі туралы»
(нормативтік кұқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2003 жылғы
25 сәуірде № 1766 тіркелген, «Вести Экибастуза» 2003 жылғы 22 мамырдағы
№ 20, «Отарқа» 2003 жылғы 19 маусымдағы № 25 газеттерінде жарияланған)
№ 2.130 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Шешім қосымшасының 9-шы тармағындағы «жолаушыларды тасымалдау бойынша жеке автомобиль иелеріне қызмет көрсету» жолындағы «85» сандары «205» сандарына ауыстырылсын.
Тармақша 2
2) Босатылатын тауарлар мен қызмет түрінен алып тасталсын:
Тармақша 2-1
2-1) Жақын және алыс шет елдерден автомобиль көліктерін жеткізу бойынша қызмет;
Тармақша 2-2
2-2) жүк тасымалдау бойынша жеке жүк автомобильдерінің қызметі;
Тармақша 3
3) Екібастұз қалалық мәслихатының (III шақырылған XXXVI сессия)
2007 жылғы 20 ақпандағы Екібастұз қалалық мәслихатының (II шақырылған
XXXII сессия) 2003 жылғы 18 наурыздағы «Шағын бизнес субъектілерінің
бюджетпен есептесуі үшін біржолғы талондардың құны туралы» № 2.130
шешіміне өзгерістер енгізу туралы» № 428/36 шешімінің күші жойылған деп
саналсын.
Тармақша 4
4) Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.