О внесении изменений в решение Экибастузского городского маслихата (XXXII сессия, II созыв) от 18 марта 2003 года № 2.130 «О стоимости разовых талонов и размерах фиксированного суммарного налога для расчёта с бюджетом субъектов малого бизнеса» Қолданыста
Басқа 0
Екібастұз қалалық мәслихатының
2003 жылғы 18 наурыздағы
(II шақырылған XXXII сессия)
«Кіші кәсіпкерлер субъектілерінің
бюджетпен есептесу үшін
бір жолғы талондардың құны мен
тіркелген жиынтық салығының
мөлшері туралы" № 2.130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 6 бап, 1 тармақ 14 тармақшасының, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексінің) № 210 Кодексінің 369 бабы, 373 бабының және Екібастұз қаласы бойынша салық комитетінің 2006 жылғы 24 қазандағы № ЖТҚӨБ -3 - 10/9089 ұсыныстары мен есептесулері негізінде және тіркелген жиынтық салығы мөлшерлерінің жеке шешімге енгізілуіне байланысты қалалық мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Екібастүз қалалық мәслихатының 2003 жылғы 18 наурыздағы (II шақырылған XXXII сессия) «Кіші кәсіпкерлер субъектілерінің бюджетпен есептесу үшін бір жолғы талондардың құны мен тіркелген жиынтық салығының мөлшері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2003 жылғы 25 сәуірде 1766 нөмірімен тіркелген, "Вести Экибастуза" газетінің 2003 жылғы 22 мамырдағы № 20 нөмірінде және "Отарқа" газетінің 2003 жылғы 19 маусымдағы № 25 нөмірінде жарияланған) № 2 Л30 шешіміне, Екібастұз қалалық мәслихатының 2003 жылғы 8 тамыздағы (II шақырылған XXXVII сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2003 жылғы 18 наурыздағы (II шақырылған XXXII сессия) «Кіші кәсіпкерлер субъектілерінің бюджетпен есептесу үшін бір жолғы талондардың құны мен тіркелген жиынтық салығының мөлшері туралы" № 2. 130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2003 жылғы 3 қыркүйекте 2010 нөмірімен тіркелген, "Вести Экибастуза" газетінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі № 37 нөмірінде және "Отарқа" газетінің 2003 жылғы 17 қыркүйектегі № 38 нөмірінде жарияланған) өзгерістер енгізілген № 2.177 шешімімен, Екібастұз қалалық мәслихатының 2005 жылғы 25 наурыздағы (III шақырылған XIII сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2003 жылғы 18 наурыздағы (II шақырылған XXXII сессия) «Кіші кәсіпкерлер субъектілерінің бюджетпен есептесу үшін бір жолғы талондардың құны мен тіркелген жиынтық салығының мөлшері туралы" 2.130 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2005 жылғы 6 сәуірдегі 2969 нөмірімен тіркелген, "Вести Экибастуза" газетінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 15 нөмірінде және "Отарқа" газетінің 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 15 нөмірінде жарияланған) № 3.179 шешімімен, Екібастұз қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 қазандағы (III шақырылған кезектен тыс XIX сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2003 жылғы 18 наурыздағы (II шақырылған XXXII сессия) «Кіші кәсіпкерлер субъектілерінің бюджетпен есептесу үшін бір жолғы талондардың құны мен тіркелген жиынтық салығының мөлшері туралы" № 2.130 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Ресстрінде 2005 жылғы 11 қарашадағы 12-3-40 нөмірімен тіркелген, "Вести Экибастуза" газетінің 2005 жылғы 17 қарашадағы № 46 нөмірінде және "Отарқа" газетінің 2005 жылғы 11 қарашадағы № 47 нөмірінде жарияланған) № 243/19 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) шешімнің атауындағы «және тіркелген жиынтық салығының мөлшері" сөздері алынып тасталсын;
2) қосымша атауындағы «тіркелген жиынтык салығының мөлшері" сөздері «өткізілетін тауарлардың, қызмет көрсетудің түрлері" сөздеріне ауыстырылсын;
3) қосымшаның 9- тармағы Қазақстан Республикасы Салық Кодексінің
373 бабына сәйкес жүзеге асырылатын кәсіпкерлер қызметі түрлерінің
тізбесі 9) тармақшамен сыпырғыш сату, орман бүлдіргені, бал,
саңырауқұлақтар және балықтарды өткізу - 50 теңге;
10) тармақшамен үй жануарлары мен құстарды бағу - 45 теңге толықтырылсын.
Тармақ 2
2. Аталмыш шешім оның ресми жарияланған күнінен кейін, он күнтізбелік күні өткенде қолданысқа енеді.