О внесении изменения в решение XXXIII сессии Шахтинского городского маслихата от 9 апреля 2015 года № 1115/33 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XXXIII сессиясының № 1115/33 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, қалалық маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Шахтинск қалалық маслихатының 2015 жылғы 9 сәуірдегі XХXIII сессиясының № 1115/33 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3182 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19 «Шахтинский вестник» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: Көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында: 5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі: 1) 15 ақпан – Ауғанстан аумағынан әскерді шығару күні, басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушы интернационалист - жауынгерлерді еске алу күні. 2) 9 мамыр – Жеңіс Күні; 3) 6 шілде – Астана күні; 4) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні; 5) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.