О внесении изменений в решение XXXIV сессии Приозерского городского маслихата от 25 июня 2014 года № 34/238 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан города Приозерск» Күшін жойған
Басқа 0
Приозерск қалалық мәслихатының
2014 жылғы 25 маусымдағы XXXIV
сессиясының № 34/238 «Әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының
мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарының тізбесін айқындаудың
қағидаларын бекіту туралы » шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Приозерск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 25 маусымдағы XXXIV сессиясының № 34/238 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2690 тіркелген, 2014 жылғы 25 шілдедегі № 30/363 «Приозерский вестник» газетінде, 2014 жылғы 29 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің Приозерск қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:
1) 1-2 қаңтар – Жаңа жыл;
2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;
3) 21-23 наурыз – Наурыз мейрамы;
4) 9 мамыр – Жеңіс күні;
5) 6 шілде – Астана күні;
6) 30 тамыз – Конститутция күні;
7) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні».
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Приозерск қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________А. Ким
«22» қыркүйек 2016 жыл