О внесении изменений в решение XXXXX-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 7 декабря 2011 года № 491 "О ставках платы за эмиссии в окружающую среду по городу Алматы на 2012 год" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХХХ сессиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 "2012 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 7 баптарына сәйкес V сайланған Алматы қаласы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХХХ сессиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 «2012 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 914 болып тіркелген, 2011 жылғы 31 желтоқсандағы «Алматы ақшамы» газетінің № 159 санында және 2011 жылғы 31 желтоқсандағы «Вечерний Алматы» газетінің № 161 санында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: тақырыбындағы және барлық мәтін бойынша «2012 жылға арналған» сөздері алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Алматы қаласы мәслихатының хатшысы Т.Т. Мұқашевқа нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізу жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы С.А. Козловқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Шормановқа (келісім бойынша) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2013 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Келісілді: Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шорманов Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің бастығы Б. Қарымсақов Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы А. Рахимбетов Алматы қаласы Қаржы басқармасының бастығы А. Әбдіқадырова Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы С. Қабдолов Алматы қаласы әкімі аппараты заң бөлімінің меңгерушісі А. Қасымова