О внесении изменений в решение XXXXX-й сессии маслихата города Алматы IV-го созыва от 7 декабря 2011 года № 491 «О ставках платы за эмиссии в окружающую среду по городу Алматы» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының «Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы» 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26-бабына сәйкес VІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХХХХХ сессиясының «Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы» 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 914 болып тіркелген, «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде 2011 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 101-бабына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 576-бабына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»; аталған шешімнің қосымшасындағы: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: Р/с № Ластаушы заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) 1. Көмірсутектер 44,6 2. Көміртегі тотықтары 14,6 3. Метан 0,8 4. Күкірт диоксиды 200 5. Азот диоксиді 200 6. Күйе 240 7. Күкіртсутек 1 240 8. Меркаптан 199 320 ».
Тармақ 2
2. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының кәсіпкерлікті және коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы К.В. Авершинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.