Yйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға мекенжайлық әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеудің Қағидасын бекіту туралы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.07.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Yйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға мекенжайлық әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеудің Қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6 бабына, 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және 1999 жылдың 7 сәуірдегі N 374 "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға сәйкес, қалалық Мәслихат, ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға мекен-жайлық әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеудің Қағидасы бекітілсін. (Қосымша бірге тіркеледі).
Тармақ 2
2. Қала әкіміне (Ибаділдин Ж.И.), қалалық қаржы басқармасына (Мұхамбедин А.А.), қалалық еңбек және әлеуметтік көмек көрсету бөліміне (Мырзаханов Б.М.) бекітілген Қағидаға сәйкес үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға мекенжайлық әлеуметтік көмек тағайындалып, төлеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Экономика комитетіне (Ахметова А.О.) бекітілген Қағидаға сәйкес мекенжайлық әлеуметтік көмек төлеуді қамтамасыз ету мақсатымен қалалық банктер қызметіне мониторинг өткізу тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық Мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
Басқа 5
Қалалық Мәслихаттың N 30/395 "Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға мекенжайлық әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеудің Қағидасын бекіту туралы" шешіміне N 1 қосымша бекітілген Үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек балаларға мекенжайлық әлеуметтік көмек тағайындау мен төлеудің Қағидасы
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Тармақша 1
1) Қағида Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуірдегі N 374 "Қазақстан Республикасының азаматтардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер беру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 21 маусымдағы "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдары негізінде жасалды.
Тармақша 2
2) Әлеуметтік мекенжайлық көмекті, жалпы мектептерде оқуға жатпайтын, үйде тәрбиеленіп, оқитын мүгедек-баласы бар бар жанұялар алуға құқылы.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Әлеуметтік мекенжайлық көмекті көрсетудің тәртібі
2. Әлеуметтік мекенжайлық көмекті көрсетудің тәртібі
Тармақша 3
3) Үйде мүгедек-бала тәрбиелеп, оқытып отырған әлеуметтік мекенжайлық көмек алуға құқылы азамат өзі тұратын жердегі еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөліміне өтініш береді және мына құжаттарды тапсырады: жеке басының куәлігі, халықтық банкі филиалынан есеп шот ашып, соның номерін көрсеткен өтініші, дәрігерлік-әлеуметтік сараптау комиссиясының мүгедектігінің тобын анықтайтын анықтамасы (белгіленген үлгідегі), үй кітапшасының көшірмесі, баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесі, мектептен анықтама үйде оқытылатындығы жөнінде.
Тармақша 4
4) Өтініш берген азаматтар тапсырған ақпараттарының нақтылығына толық жауап береді. Егерде кейбір мәліметтер дұрыс берілмеген (кірістерін жасырған, жанұя құрамын толық бермеген) жағдайда төленген қаржы заңға сәйкес кінәлі адамнан өндіріледі.
Тармақша 5
5) Әлеуметтік көмек, көмекті алу құқығына ие болғаннан кейін өтініш берген уақытынан бастап жыл сайын оқу жылы аяқталғанша тағайындалады, жыл басынан бұрын емес, тоқсан сайын 5198 теңге көлемінде тағайындалып, арыз берушінің ашқан есеп шотына ай сайын аударылады.
Тармақша 6
6) Әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындамау) жөніндегі шешімді арыз берушінің тұрғылықты жердегі еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері қабылдайды. Даулы сұрақтар әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қалалық комиссияда қаралады.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Қаржыландыру негізі
3. Қаржыландыру негізі
Тармақша 7
7) Мекенжайлық көмектің жоғарыда аталған жеңілдік түрі қалалық бюджеттен қаржыландырылады.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. Бақылау, есеп жүргізу, есеп беру
4. Бақылау, есеп жүргізу, есеп беру
Тармақша 8
8) Үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек-балаларға мекенжайлық көмекті тағайындау мен төлеу бойынша есеп жүргізу, есеп беру және бақылау жасау Жезқазған және Сәтпаев қалалық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдеріне жүктеледі.
Тармақша 9
9) Қалалық еңбек және халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімдері ай сайын қалалық қаржы бөліміне үйде тәрбиеленіп және оқитын мүгедек-балаларға мекенжайлық көмекті тағайындау мен төлеу туралы мәлімет береді.