"Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы"
ҚАЗ"Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы"
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- "Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы"
- Наименование (каз.)
- "Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы"
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 129
- Дата принятия
- 30.05.2006
- Показанная редакция
- 30.05.2006 · действующая 28283_345576.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 30.05.2006
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06DI000022
- Идентификатор ЭКБ
- 28283
- Идентификатор редакции
- 28283_345576
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 17:22
0 "Қазақстан Республикасының 1979-1988 жылдары туылған азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы"
Қазақстан Республикасының «Әскери мінеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабының 3 тармағын, 20 бабының 1 тармағын және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Републикасы Президентінің 2006 жылғы 18 cәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2006 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезінде мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 96 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Ескелді ауданының Әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әскерге шақыру орнын ұйымдастыру мына мекен-жайда жүргізіледі: Қарабұлақ кенті, құрылысшылар ккөшесі 13 үй, аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі.
2. Әскерге шақыру комиссиясының құрамы төмендегідей құрылсын:
1)Тоқпаев Жанатай Мұқашұлы-комиссия төрағасы, аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы, подполковник;
2)Тұлақбаев Толымбет Омарқұлұлы- комиссия төрағасының орынбасары, аудандық төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі жұмыстар бойынша бас маман;
комиссия мүшелері:
3)Бейсебеков Ғабит Үрімұлы-аудандық ішкі icтep бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі;
4)Зонов Сергей Федорович-аудандық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы;
5)Боранбекова Сара-комиссия хатшысы;