Перейти к тексту документа

1981 - 1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Постановление · № 05/05 · принят 10.04.2008
Юридическая сила: Действует · редакция от 10.04.2008
https://adilet.kz/ru/laws/1981-1990-2008-ekb-39185/
Напечатано 2026-08-16 · adilet.kz
1981 - 1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы Действует Постановление ·№ 05/05 ·10.04.2008

1981 - 1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

ҚАЗ1981 - 1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Действует Постановление ·№ 05/05 · принят 10.04.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
1981 - 1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Наименование (каз.)
1981 - 1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
05/05
Дата принятия
10.04.2008
Показанная редакция
10.04.2008 · действующая 39185_305132.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
10.04.2008
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08KJ000063
Идентификатор ЭКБ
39185
Идентификатор редакции
39185_305132
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 13:40

0 1981 - 1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңдарына (әрі қарай заң) сәйкес 1981-1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру, уақытылы және сапалы өткізу мақсатында Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 1981-1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыру үшін Заңның 17 бабының 5-тармағына сәйкес құрамда әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:

Бекмагамбетов Болат Абдикешович – комиссия төрағасы, Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы
Тлеубергенов Бекет Зекенұлы - – комиссия төрағасының орынбасары, Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары,
Комиссия мүшелері:
Цхай Дмитрий Генадиевич - Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру және шартты әскери қызмет бөлімінің бастығы,
Қаппаров Ораз Амантайұлы – Ақтоғай ауданының ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары
Естеков Шәріп Құрмашұлы – Ақтоғай аудандық медициналық бірлестігінің директорының орынбасары
Мукашбекова Панар Саматовна – комиссия хатшысы, Ақтоғай аудандық медициналық бірлестігінің медбибісі,

2

2. Кент, селолық округтердің әкімдері, мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының басшылары және меншік түріне қарамастан басқа да ұжым басшылары 2008 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруға жататын 1981-1990 жылдары туылған барлық азаматтардың әскерге шақыру пунктеріне ұйымшылдықпен келуін, 2008 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруға жататын іс-сапарда және кезекті демалыста жүрген 1981-1990 жылдары туылған барлық азаматтарды Заңның 19 бабына сәйкес іс-сапардан және кезекті еңбек демалыстан шақырып алуға, оларды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру жиын пунктеріне уақытылы келуін қамтамасыз етсін.

3 3. 1981-1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында жедел әскери қызметке шақыруға байланысты Заңның 44 бабының 1-тармағына сәйкес төмендегі іс-шаралар іске асырылып қамтамасыз етілсін:

1 1) Әскерге шақыру пункті үшін қызмет ғимараты мен орны (қажетті жағдайда ғимаратты жалға алу, жөндеу) коммуналдық – тұрмыстық қызмет көрсету (электр жарығы, сумен қамтамасыз ету, жылу беру, тазарту т.б.) жиһаз, кеңсе құралдарымен, байланыс құралдары және кезекші автокөлік бөлінсін;

2 2) Ақтоғай аудандық медициналық бірлестігі (Р.Жарлығасынов) әскерге шақыру пунктерін маман дәрігерлермен орта медбибілермен және техникалық қызметкерлердің құрамымен жасақтасын:

Естеков Шаріп Құрмашұлы – дәрігер невропатолог, дәрігерлік комиссия төрағасы;
Мурсалбекова Несіпжамал - медбибі
Абдигулов Марат Ашембекович – дәрігер оташы,
Хасенова Манат Кенжебаевна – медбибі,
Абдигулова Жанар Ашимбекқызы – дәрігер терапевт,
Иманбекова Саулет Сериктаевна – медбибі,
Калиакпарова Шолпан Мырзаханова – дәрігер стоматолог,
Тойбекова Айдынгүл Балапанқызы – медбибі,
Қамбарбекова Ұлбала Қыздарбековна – дәрігер психиатр,
Мукашев Жанат Аманжолоұлы – дәрігер отоларинголог,
Аманбаева Алия Ибрахимқызы – медбибі,
Абдулина Бақыт Абдрахмановна – дәрігер венеролог,
Ахаева Баян Жахлеповна – медбибі,
Абилкасимов Өмірбай Абилкасимович – дәрігер окулист,
Бекишева Майра Сейтказымқызы – медбибі,
Сатбекова Биби Шегендікқызы – медбибі, салмақ, бой өлшеу,
Ногаева Шынар Жастилековна – медбибі рентген және флюорографияға түсіру,
Шарипова Гүлбарам - медбибі, ЭКҒ-ға түсіру,

3

3) Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.Түсіпбеков) 2008 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізу мерзіміне, яғни 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларына дейін ақы төленетін қоғамдық жұмысқа тіркелген жұмыссыздар есебінен Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің әскерге шақыру пунктеріне 3 адамды техникалық қызмет көрсету үшін бөлсін.

4

4) Ауданның кент, селолық округтерінің әкімдері жедел әскери қызметке шақырылған 1981-1990 жылдары туылған барлық азаматтарды 2008 жылғы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығында Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің тізімдері және кестесі бойынша дәрігерлік куәләндіру және оларды мекен жайынан Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің жедел әскери қызметке шақыру комиссиясына дейін және кері қарай,
мекен жайынан Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөнідегі департаментінің жедел әскери қызметке шақыру комиссиясына дейін және кері қарай,
мекен жайынан Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөнідегі департаментінің жиын пунктіне дейін жедел әскерге аттандыру үшін жеткізіп салу жұмыстарын ұйымдастырсын.

4

4. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (А. Зейнелгабдин) Заңның 44-бабының 4-тармағына сәйкес 1981-1990 жылдары туылған азаматтарды 2008 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруға комиссиядан өткізуге байланысты әскери міндеттілікті орындауды қамтамасыз ету мақсатында өткізілетін шараларды 2008 жылғы бюджетте көзделген қаржылар шегінде қаржыландырсын.

5

5. Ауданның ішкі істер бөлімі (Қ.Е.Жанпейсов – келісім бойынша) Заңның 18 бабының 3 тармағына және 44-бабының 2-тармағына сәйкес жалтарып жүрген жедел әскерге шақырушыларды іздестіру және ұстауды жүзеге асырсын, оларды Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің жиын пунктіне апару кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін.

6

6. Ауданның барлық мекеме, кәсіорын, оқу орындары басшыларына, меншік түріне қарамастан кәсіпкерлер, басқа ұжым, қоғам басшыларына және кент, селолық округтердің әкімлдеріне Заңның 18,19,44 бабтарына сәйкес 2008 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақыруды өткізудің маңыздылығы ескертілсін.

7 7. Балқаш қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің бастығы (Бекмагамбетов-келісім бойынша) 2008 жылғы көктемгі және күзгі жедел әскери қызметке шақырудың өткені жөніндегі қорытындылары туралы ақпаратты аудан әкіміне 2008 жылдың 15-шілдесі және 25-желтоқсанына ұсынсын.

8 8. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.З. Тлеубергеновке жүктелсін.

8 9. Осы қаулы алғаш ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Балқаш қаласының қорғаныс істері
жөніндегі біріктірілген бөлімінің бастығы
Б.А.Бекмағамбетов
«10» сәуір 2008 ж.
Ақтоғай ауданы ішкі істер
бөлімінің бастығы
Қ.Е.Жанпейсов
«10» сәуір 2008 ж.