1981 - 1990 жылдарға туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
ҚАЗ1981 - 1990 жылдарға туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 1981 - 1990 жылдарға туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Наименование (каз.)
- 1981 - 1990 жылдарға туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 58/4
- Дата принятия
- 03.04.2008
- Показанная редакция
- 03.04.2008 · действующая 39414_216732.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 03.04.2008
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V08PJ012106
- Идентификатор ЭКБ
- 39414
- Идентификатор редакции
- 39414_216732
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 13:43
0 1981 - 1990 жылдарға туған азаматтарды 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндетіллік және әскери қызмет туралы» № 1897-XII , 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 8 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» № 563 Жарлығына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және аттандыруды ұйымшылдықпен сапалы өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Май ауданының аумағында 2008 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанында 1981-1990 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
2 2. Май аудандық аурухананың бас дәрігері (Б. Қазбеков) азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізуге жұмыс тәжірибесі бар қажетті санатты дәрігер-мамандар мен орта буын персоналмен қамтамасыз етсін.
1 1) әскерге шақырылушылар 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында 1981-1990 жылдары туған азаматтарды айнаға түсуін және зертханалық тексеруден өтуін;
2 2) стационарлық емдеу мекемелерінде дәрігерлік комиссиясының қосымша тексеруге жіберілген азаматтарды орынмен қамтамасыз етіп, қысқа мерзімде тексеруден өтуін;
3 3) анықталған аурудан әскерге шақырылушыларды емдеу профилактикалық мекемелерге бекітіп, келесі әскерге шақыру мерзіміне дейін емделуін;
3 3. Барлық меншік нысанына қарамастан, мекеме, кәсіпорын басшылары әскерге шақырылушыларды сапалы мінездемен қамтамасыз етсін.
4 4. Селолық округ әкімдері:
Азаматтарды дер уақытында хабарландырылуын және аудандық шақыру пунктіне келуін бақылауға алып , шақыру комиссиясының өтуін, себепсіз жағдаймен шақыру комиссиясына келмеген азаматтарды іздестіру шараларын ұйымдастырсын.
5 5. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру шараларын сапалы түрде жүргізу және құжаттарды реттеу мақсатында аудындық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С. Мұқатаев) 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында техникалық қызметкер ретінде 4 адам бөлсін.
6 6. Азаматтарды селолық округтерден шақыру учаскесіне, облыстық бақылау комиссиясына, дәрігерлік мекемелерге жеткізу және автобус автокөлігін жалға алуға келісім-шарт жасалсын.
7 7. Май аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Ә. Қоңыржанов) азаматтарды әскери қызметке шақыруға байланысты шағындарды өтеу кестесіне сәйкес қаржыны бөлсін .
8 8. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру дайындықтары, оны өткізу барысы, қорытынды жұмыстары жоніндегі ақпараттар, хабарламалар аудандық газетке жариялансын.
9 9. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау өзіме жүктелсін.
10 10. Ресми жарияланған күннен кейін 10 күннүң ішінде Заң күшіне енеді.
Келісілді:
Май ауданының қорғаныс
стері жөніндегі бөлімінің
бастығы, майор С. Бектеміров
14 Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Май ауданы әкімдігінің
2008 жылғы «3» сәуірдегі
«1981 - 1990 жылдары туған
азаматтарды 2008 жылдың сәуір-
маусымында және қазан-
желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыру туралы»
№ 58/4 қаулысына 1-қосымша
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жөніндегі аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Бектеміров Серік Болатұлы – ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы
Ахметжанов Мұрат Мұсалы – аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Кәрімов Болат Уәнұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім боынша)
Кәметова Ақтолқын Мәуітбекқызы – аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің орынбасары (келісім боынша)
Айтқазина Зәмзәгүл Сайлаубайқызы – медбибі, комиссия хатшысы