Перейти к тексту документа

Қазақстан Республикасының 1984-1993 жылдары туылған азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Постановление · № 115 · принят 31.03.2011
Юридическая сила: Действует · редакция от 31.03.2011
https://adilet.kz/ru/laws/1984-1993-2011-ekb-58310/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
Қазақстан Республикасының 1984-1993 жылдары туылған азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Действует Постановление ·№ 115 ·31.03.2011

Қазақстан Республикасының 1984-1993 жылдары туылған азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

ҚАЗҚазақстан Республикасының 1984-1993 жылдары туылған азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Действует Постановление ·№ 115 · принят 31.03.2011

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Қазақстан Республикасының 1984-1993 жылдары туылған азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Наименование (каз.)
Қазақстан Республикасының 1984-1993 жылдары туылған азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
115
Дата принятия
31.03.2011
Показанная редакция
31.03.2011 · действующая AI58310_0.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
31.03.2011
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V11DQ000102
Идентификатор ЭКБ
58310
Идентификатор редакции
AI58310_0
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 05:41

0 Қазақстан Республикасының 1984-1993 жылдары туылған азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы

Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20-баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 1163 Жарлығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 1984-1993 жылдары туылған азаматтар 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

2 2. Аудандық шақыру комиссияның төмендегі құрамы құрылсын:

Құмарғалиев Руслан Шораұлы
-
"Сарқан ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Бақтыбаев Есболат Шаймұратұлы
-
"Сарқан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру мемлекеттік-құқықтық және кадрлар бөлімінің бас маманы, төраға орынбасары;
Тоғанбаев Қайрат Кәкібайұлы
-
Сарқан аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы – комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Шылғаубаев Алтай Қанийұлы
-
Сарқан ауданы "Сарқан ауданының аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дәрігер - хирургі, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Дидар Нұртөлеуұлы
"Сарқан ауданының қорғаныс істер жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әскери қызметкерлерді келісім шарт бойынша және шақыру бөлімшесінің бастығы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Байғошанова Қатшан Болысбекқызы
-
Сарқан ауданы "Сарқан ауданының аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының медбикесі-комиссияның хатшысы(келісім бойынша).

3 3. Сарқан ауданы "Сарқан ауданының аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (М.Долаева) келесі талаптарды орындау ұсынылсын:

1 1) шақыру басталғанша әскерге шақырылушыларды әскери құжатқа белгі соғу үшін қан тобы және резусының анықтамасымен, қан, зәр тексерулерімен, кеуде куысының суретімен, иммундық тапшылық вирусын тексеру анықтамасымен қамтамасыз ету;

2

2) шақыру аяқталғанша әскерге шақырылушылар емделінсін, осы мерзімге дейін амбулаторлық емделуде болғандардың жеке карталарын (Ф-025-У үлгісі) қорғаныс істер жөніндегі бөлімге егілудің алынған түрлерін көрсетіп, жүйке ауруына, туберкулезге, тері-венерологиялық ауруларға, жұқпалы ауруларға, нашақорлыққа шалдыққандардың тізімін тапсыру.

4 4. "Сарқан аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Э. Иманғалиева) әскери қызметке шақыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды жүргізсін.

5 5. Сарқан аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы А. Асқарбаевқа:

1 1) әскерге шақырылушылар мен шығарып салушылар арасында тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін кезекшілік ұйымдастыру ұсынылсын.

2 2) әскери қызметтен бас тартқандарды іздестіру үшін аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін жұмылдыру ұсынылсын.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.

7 7. Осы қаулы аудандық әділет басқармасында тіркелсін және алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізілсін.

КЕЛІСІЛДІ:
"Сарқан ауданының қорғаныс
істер жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы            Құмарғалиев Руслан Шораұлы
31 наурыз 2011 жыл
Сарқан аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы                          Асқарбаев Айдын Төреханұлы
31 наурыз 2011 жыл
Сарқан ауданы "Сарқан
ауданының аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері                  Долаева Мәншүк Садырбекқызы
31 наурыз 2011 жыл