Перейти к тексту документа

Облыс көлемінде 1984 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеуді жүргізу туралы

Иной акт · № 373 · принят 20.12.2000
Юридическая сила: Действует · редакция от 20.12.2000
https://adilet.kz/ru/laws/1984-ekb-7984/
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Облыс көлемінде 1984 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеуді жүргізу туралы Действует Иной акт ·№ 373 ·20.12.2000

Облыс көлемінде 1984 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеуді жүргізу туралы

ҚАЗОблыс көлемінде 1984 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеуді жүргізу туралы

Действует Иной акт ·№ 373 · принят 20.12.2000

Данные из ЭКБ обновлены 05.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Облыс көлемінде 1984 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеуді жүргізу туралы
Наименование (каз.)
Облыс көлемінде 1984 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеуді жүргізу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
373
Дата принятия
20.12.2000
Показанная редакция
20.12.2000 · действующая 7984_295796.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
20.12.2000
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V00L000504_
Идентификатор ЭКБ
7984
Идентификатор редакции
7984_295796
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
05.08.2026 00:06

0 Облыс көлемінде 1984 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелерінде тіркеуді жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 12 бабына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. Облыстың әскери комиссариаттары 2001 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1984 жылы туылған және бұрын тіркеуден өтпеген әскер жасындағы азаматтарды тіркеуге алуды №1 қосымшаға сәйкес жүргізетін болсын.

2 2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері:

- әскери комиссариаттармен бірлесіп, азаматтардың шақыру учаскелеріндегі тіркелуін қамтамасыз етсін;
- аудандар мен Қызылорда қаласында тіркеуді жүргізетін комиссияларды құрып, олардың жүмыс жүргізулеріне қатысты жабдықталған бөлмелер бөлсін;
- тіркеуді жүргізу комиссияларына қажетті мөлшерде маман-дәрігерлер, медициналық аяжандар, техникалық қызметшілер және көліктер бөлсін;
- жастардың ұйымдасқан түрде әскери комисариаттарға келіп, шақыру учаскелерінде тіркеуден өтулерін қамтамасыз ететін барлық мүмкіндіктерді қолдансын.

3 3. Облыстық ішкі істер басқармасы (Т.Рахимов):

- тіркеуді жүргізу кезінде аудандық және қалалық ішкі істер бөлімдері аудан, қала әскери комиссариаттарымен тығыз байланыс ұйымдастырылып шақыру учаскелеріндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін;
- азаматтардың шақыру учаскелеріне келуіне бақылау жасап, тіркеуден бас тарту әрекеттерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдасын.

4 4. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев):

- аудандық және қалалық әскери комиссариаттардың сұрауы бойынша, тіркеуді жүргізуге байланысты жастарға дөрігерлік анықтама беру үшін облыстық емханалардан маман-дәрігерлер бөлсін;
- шақыру учаскелерін қажетті дәрі-дөрмектермен, дәрігерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етсін.

5 5. Қазақстан Республикасының «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 35-бабының 1-тармағына сай тіркеу кезіндегі техникалық және басқа да қызмет көрсету мен көлік шығындары жергілікті бюджет есебінен жүргізілсін.

6 6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.

7 Облыс әкімінің

2000 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 373 шешіміне № 1 қосымша
2001 жылы шақыру учаскелерінде есепке алынатын азаматтардың саны және тіркеуді өткізудің мерзімдері
Рет. саны
Аудандық, қалалық әскери комиссариаттардың аталуы
Есепке алынатындардың саны
Шақыру учаскелерінде есепке алуды жүргізу күндері
1.
2.
3.
4.
1.
Арал АӘК
650
20.01.- 31.03.2001 ж.
2.
Қазалы АӘК
465
15.01.- 15.03.2001 ж.
3.
Байқоңыр КӘК
140
15.01.- 31.03.2001 ж.
4.
Қармақшы АӘК
436
15.01.- 01.03.2001 ж.
5.
Жалағаш АӘК
879
12.02.- 28.03.2001 ж.
6.
Қызылорда облыстық және Қызылорда қалалық әскери комиссариаты
1700
12.01.- 31.03.2001 ж.
7.
Шиелі АӘК
795
20.01.- 30.03.2001ж.
8.
Жаңақорған АӘК
675
01.02.- 31.03.2001 ж.
ОБЛЫС БОЙЫНША:
5740