1990 - 1991 жылдарды азаматтарды диспансерлеуден өткізу туралы
ҚАЗ1990 - 1991 жылдарды азаматтарды диспансерлеуден өткізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 1990 - 1991 жылдарды азаматтарды диспансерлеуден өткізу туралы
- Наименование (каз.)
- 1990 - 1991 жылдарды азаматтарды диспансерлеуден өткізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 238/5
- Дата принятия
- 13.09.2006
- Показанная редакция
- 13.09.2006 · действующая 30068_215260.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 13.09.2006
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V06PJ012103
- Идентификатор ЭКБ
- 30068
- Идентификатор редакции
- 30068_215260
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 16:53
0 1990 - 1991 жылдары туған азаматтарды диспансерлеуден өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес және әскери міндетке шақыру кезеңіне дейінгі жастағы азаматтардың денсаулығын түзеу, сақтау, дене дамуын нығайту, диспансерлеуден өткізу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 1990 - 1991 жылдары туған жасөспірімдерді аудандық ауруханада диспансерлеуді немесе барлық дәрігерлердің селолық дәрігерлік амбулаторияларға іссапарға" шығуы арқылы 2006 жылдың 18 қыркүйегінен бастап 29 қыркүйегіне дейін жұмыстары жүргізілсін.
2 2. Уақытында жасөспірімдерді диспансерлік тексеруден өткізілуін қамтамасыз ету, оқу орындары басшылары мен селолық дәрігерлік амбулаториялардың дәрігерлеріне ұсынылып, селолық округ әкімдеріне міндеттелсін.
3 3. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің аудан бойынша өкілі (Н. Нұрсейітов), аудандық аурухананың бас дәрігері (Б. Қазыбеков):
1 1) диспансерлеу кезеңіне қажетті дәрігер мамандар, орта буынды медицина қызметкерлерін бөлісін;
2 2) зертханалық және рентгенологиялық тексеруін қамтамасыз етсін;
3 3) медициналық бақылау және емдеуді қажет ететін жасөспірімдердің медициналық байқауын өткізу жоспарын дайындасын, емдеу-профилактикалық мекемелерге бекітсін және тізімдерін Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне берсін;
4 4) медициналық байқау өткізудің сапасына қатан бақылау жасасын;
5 5) медициналық бақылау қорытындылары емханалық қарталардың қосымша беттерінде аурудың эпикризін міндетті түрде толтыра отырып көрсетсін;
6 6) селолык округ әкімдері диспансерлеуге жататын барлық жасөспірімдердің тізімге енгізілуіне бақылау жасап, дер уақытында және ұйымдасқан түрде медициналық байқауға келуін қамтамасыз етсін.
4
4. 1990 - 1991 жылдары туған жасөспірімдерді диспансерлеуден өткізу қорытындысы бойынша, денсаулық сақтау департаментінің аудан бойынша өкілі (Е. Нұрсеитов), аудандық аурухананың бас дәрігері (Б. Қазыбеков) диспансерлеу кезінде анықталған медициналық бақылауды және емдеуді қажет ететін барлық жасөспірімдерді аудандық аурухананың жасөспірімдер қызметі бөліміне және селолық дәрігерлік амбулаторияға бекітіп, аудан әкіміне ақпарат берсін, көшірмесін Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жіберсін.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Әлжановка жүктелсін.
Келісілді
Аудандык корғаныс істері
жөніндегі бөлімінін
бастығы
С. Бектеміров