Перейти к тексту документа

1990 жылы туған азаматтарды Лебяжі ауданының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы

Иной акт · № 333/12 · принят 12.12.2006
Юридическая сила: Действует · редакция от 12.12.2006
https://adilet.kz/ru/laws/1990-ekb-30665/
Напечатано 2026-08-15 · adilet.kz
1990 жылы туған азаматтарды Лебяжі ауданының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы Действует Иной акт ·№ 333/12 ·12.12.2006

1990 жылы туған азаматтарды Лебяжі ауданының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы

ҚАЗ1990 жылы туған азаматтарды Лебяжі ауданының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы

Действует Иной акт ·№ 333/12 · принят 12.12.2006

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
1990 жылы туған азаматтарды Лебяжі ауданының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы
Наименование (каз.)
1990 жылы туған азаматтарды Лебяжі ауданының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
333/12
Дата принятия
12.12.2006
Показанная редакция
12.12.2006 · действующая 30665_234554.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
12.12.2006
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V06PI012932
Идентификатор ЭКБ
30665
Идентификатор редакции
30665_234554
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 16:32

0 1990 жылы туған азаматтарды Лебяжі ауданының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндет пен әскери қызмет туралы» № 74-III Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2007 жылдың қаңтар – наурызында 1990 жылы туған жасөспірімдерді Лебяжі ауданының шақыру учаскесіне тізімге алуды кестеге сәйкес жүргізсін.

2 2. Лебяжі ауданы аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын 1990 жылы туған барлық жасөспірімдерді, сондай-ақ бұрын тізімге алынбаған ересектер тізімге алынады.

3 3. Білім мекемелері, мекем және ұйым басшылары Лебяжі ауданының шақыру учаскесіне тізімге алуға жататын жасөспірімдерді уақытылы әкелуді қамтамасыз етсін.

4 4. 1990 жылы туған жасөспірімдерді тізімге алуды өткізу және ұйымдастыру жөніндегі аудандық комиссия құрамы бекітілсін.

5 5. Аудандық аурухананың бас дәрігері:

1 1) әскерге шақырушыларды лабораториялық және рентгенологиялық тексеруден өтуін қамтамасыз етсін;

2 2) медициналық комиссиямен қосымша тексеруге жіберілген жасөспірімдерді емдеу мекемелер орындарында емдеудің ең қысқа мерзімінде емделуден өткізсін;

3 3) ауру болып анықталған әскерге шақырушыларды профилактикалық емдеу мекемелеріне бекітіп, келесі шақырылымға дейін олардың сауығуын қамтамасыз етсін;

4 4) ауылдық дәрігерлер амбулаториясындағы аға дәрігерлердің келуін қамтамасыз етсін және Лебяжі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне амбулаториялық кітапшаларын беруін қамтамасыз етсін.

6 6. Селолық округ әкімдері әскери шақырушылардың құлақтандырылуын және шақыру пунктіне уақытылы келуін және олардың аудандық тізімге алу комиссиясынан өтуін жеке бақылауына алсын, жасөспірімдермен ілестіруді селолық округ әкімі аппаратының мамандарына тапсырсын.

7 7. Аудандық ішкі істер бөлімі (келісімі бойынша) азаматтарды шақыру учаскесінде тізімге алу кезеңінде шақыру пунктіне кезекшілік ұйымдастырсын және бір адам көлемінде наряд бөлсін.

8 8. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2007 жылғы қаңтар айынан наурыз айына дейін тізімге алу кезеңінде техникалық жұмыстар үшін жұмыссыздар қатарынан төрт адам бөлсін.

9 9. Аудан әкімі аппаратының басшысы алыс жерлерде тұратын 1990 жылы туған жасөспірімдерді тізімге алу және медициналық комиссиядан өту үшін жеткізілуін ұйымдастырылсын.

10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О. Сағандықовқа жүктелсін