Перейти к тексту документа

Жәнібек ауданы аумағындағы әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы тұған азаматтардың тіркелімін өткізу туралы

Иной акт · № 1 · принят 08.01.2007
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 08.01.2007
https://adilet.kz/ru/laws/1990-ekb-31647/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
Жәнібек ауданы аумағындағы әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы тұған азаматтардың тіркелімін өткізу туралы Утратил силу Иной акт ·№ 1 ·08.01.2007
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Жәнібек ауданы аумағындағы әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы тұған азаматтардың тіркелімін өткізу туралы

ҚАЗЖәнібек ауданы аумағындағы әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы тұған азаматтардың тіркелімін өткізу туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 1 · принят 08.01.2007

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Жәнібек ауданы аумағындағы әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы тұған азаматтардың тіркелімін өткізу туралы
Наименование (каз.)
Жәнібек ауданы аумағындағы әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы тұған азаматтардың тіркелімін өткізу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
1
Дата принятия
08.01.2007
Показанная редакция
08.01.2007 · действующая 31647_312786.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
08.01.2007
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V07ZF000040
Идентификатор ЭКБ
31647
Идентификатор редакции
31647_312786
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 16:16

0 Жәнібек ауданы аумағындағы әскерге шақыру учаскесіне 1990 жылы тұған азаматтардың тіркелімін өткізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдарының негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1 1. Жәнібек аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Н.Кенжеғалиев) жасы 17-ге толатын, сондай-ақ одан жоғары, бұрын тіркелімнен өтпеген азаматтарды 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында әскерге шақыру учаскесінде тіркеуден өткізсін.

2 2. Әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге жататын азаматтардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтау, медициналық куәландыру үшір қосымшаған сай аудандық комиссия құрылсын.

3 3. Жәнібек аудандық аумақтық медициналық бірлестігіне (Т.Мұсағалиев) мыналар ұсынылсын:

1 1) тіркеуден өтетін азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін қажетті жоғары білімді тәжірибелі маман дәрігерлерді бөліп, шақыру пунктін медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету шараларын алу;

2 2) әскерге шақыру учаскесіне тіркелуге тиісті азаматтарды флюрографиядан өткізуді қамтамасыз ету;

3 3) қан тобының ерекшелік сипатын анықтау үшін тіркелім кезеңінде жұмыс істеуге лаборант бөлу;

4 4) тіркелім өткен соң, тиісті азаматтарды емдеу мен сауықтыру жөнінде шұғыл нақты шаралар алу.

4 4. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің өтініші бойынша тапсырламарды орындау үшін Жәнібек ауылдық округі әкімі (Р.Өтемісов) 3 техникалық қызметкерлер бөлетін болсын;

5 5. Тіркелім кезеңінде әскерге шақыру учаскесінде реттілік пен тәртіп орнату, азаматтардың шақыру учаскесіне келуін бақылау жасап, олардың тіркелімнен жалтару әрекеттеріне жол бермеу аудандық ішкі істер бөліміне (Н.Наурзалиев) міндеттелсін;

6 6. Ауылдық округтер әкімдеріне, мемлекеттік мекемелер басшыларына:

1 1) әскерге шақыру учаскесіне азаматтардың тіркелуін қамтамасыз ету;

2 2) аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміндегі шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әрбір азамат мінездемесін, отбасылық мүліктік жағдайы туралы анықтамасын жеткізу;

3 3) тіркелімге жататын азаматтарды толық қамтылуын ұйымдастыру және тіркелімді өткізу үшін жауапты лауазымды адамды белгілеу, ауа-райы жағдайын есепке ала отырып, адам тасуға жабдықталған қажетті көлік бөлу ұсынылсын.

7 7. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Тарғыновқа жүктелсін.

8 8. Бұл шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енгізіледі.

Келісілді:
Аудандық қорғаныс істері
Жөніндегі бөлімінің бастығы Н.Ө.Кенжеғалиев
Келісілді:
Аудандық аумақтық
Медициналық
Бірлестігінің бас дәрігері Т.Қ.Мұсағалиев
Келісілді:
Аудандық ішкі істер бөлімінің
Бастығы Н.М.Наурзалиев
Келісілді:
Жәнібек ауылдық округінің
әкімі Р.А.Өтемісов

16 Әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге жататын азаматтардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтайтын, медициналық куәландыратын аудандық комиссияның құрамы

Аудан әкімінің
2007 жылғы 8 қаңтардағы
№1 шешіміне қосымша
Әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге жататын азаматтардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтайтын, медициналық куәландыратын аудандық комиссияның құрамы
Кенжеғалиев Нұрболат Өтепұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Өтешев Тимур Ерденбекұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Шукенова Бәлия Сағынғалиқызы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің медбикесі, комиссия хатшысы.
Төлеуов Берік Төлепұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);
Өтегенов Амангелді Бұхарұлы - аудандық аумақтық медициналық бірлестігінің дәрігері (келісім бойынша).