Перейти к тексту документа

Исатай ауданының 1991 жылы туылған азаматтарын 2008 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы

Иной акт · № 5 · принят 01.02.2008
Юридическая сила: Действует · редакция от 01.02.2008
https://adilet.kz/ru/laws/1991-2008-ekb-37864/
Напечатано 2026-08-16 · adilet.kz
Исатай ауданының 1991 жылы туылған азаматтарын 2008 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы Действует Иной акт ·№ 5 ·01.02.2008

Исатай ауданының 1991 жылы туылған азаматтарын 2008 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы

ҚАЗИсатай ауданының 1991 жылы туылған азаматтарын 2008 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы

Действует Иной акт ·№ 5 · принят 01.02.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Исатай ауданының 1991 жылы туылған азаматтарын 2008 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы
Наименование (каз.)
Исатай ауданының 1991 жылы туылған азаматтарын 2008 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
5
Дата принятия
01.02.2008
Показанная редакция
01.02.2008 · действующая 37864_350458.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
01.02.2008
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08TD000092
Идентификатор ЭКБ
37864
Идентификатор редакции
37864_350458
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 14:05

0 Исатай ауданының 1991 жылы туылған азаматтарын 2008 жылы шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-III "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 16,17-ші, 44-баптарына және Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 мамырдағы № 137 "Қазақстан Республикасындағы әскери міндеттілерді және шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ереже» қаулысына, облыс әкімінің 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 30 «Атырау облысының 1991 жылы туылған азаматтарын 2008 жылы шақыру учаскелеріне тіркеу өткізу туралы» шешіміне сәйкес ШЕШЕМІН:

1

1. 2008 жылдың каңтар-наурыз айларында Исатай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде (Н. Бозбалиев – келісім бойынша) 1991 жылы туылған және түрлі себеппен жасы 18-ден асқан, бұрын әскери есепке тіркелмеген, аудан территориясында тұратын азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізуді ұйымдастыру ұсынылсын.

2 2. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі аудандық комиссия құрылсын. (1 қосымша). Комиссия жұмысы 2,3 – қосымшаларға сәйкес белгіленсін.

3 3. Исатай аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (Н. Бозбалиев – келісім бойынша), әскери есеп столы қызметкерлерімен бірлесіп, тіркелуге тиісті 1991 жылы туылған азаматтардың тізімін анықтау, шақыру, хабарлау, тіркеуден өткізуді ұйымдастыру шарасын алу ұсынылсын.

4

4. Аудандық емхана әкімшілігіне (М. Жамалова – келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу үшін медициналық тексеруге жабдықталған бөлмелермен, аудандық білім бөлімі, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, «Жайықмұнай» мұнайгаз өндіру басқармасы (Д. Абілханов – келісім бойынша), техникалық қызметкерлерімен, аудандық телекоммуникация торабына (С. Арыстанов – келісім бойынша) байланыс нүктесімен қамтамасыз ету 4– қосымшаға сәйкес ұсынылсын.

5 5. Шақыру учаскесіне азаматтарды тіркеуді өткізу жөніндегі іс шараларды орындаумен байланысты шығындарды, автокөлікке ақы төлеуді жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырсын.

6 6. Аудандық орталық аурухана әкімшілігі (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық байқау комиссиясына дейін азаматтардың қанының тобын, резус факторын, кеуде органдары (рентгенелогия зерттеу), электрокардиограмма, анализдерін анықтау жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.

7 7. Аудандық білім бөлімі (Е. Сариев) әскери есепке тіркелетін жастарды ұйымдасқан түрде мектептердің бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі және сынып жетекшісінің басқарумен жеке іс-қағаздарына қажетті құжаттарды дайындап, шақыру учасклеріне әкелуді қамтамасыз ету міндеттелсін.

8 8. Селолық округ әкімдеріне, мекеме-кәсіпорын басшыларына тіркелетін 1991 жылы туылған қызмет ететін немесе жұмыс жасамайтын және бұрын түрлі себеппен әскери есепке тіркелмеген жастарды керекті құжаттарымен осы іске жауапты қызметкерлердің басқару арқылы шақыру учаскесіне жеткізу қажет деп табылсын.

9

9. Аудандық ішкі істер бөлімі (Қапаров Б – келісім бойынша) заңдылыққа сәйкес тіркеу кезінде шақыру учаскелеріндегі тәртіпті қамтамасыз ету, белгіліенген мерзімде шақыру учаскесіне келмегенадамдарды шұғыл іздестіру және Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізу, сондай-ақ азаматтардың тіркеуден жалтару әрекетінің алдын алу мәселелері жөнінде Қорғаныс істері бөліммен бірлесіп, іс-қимыл көрсетуін ұйымдастыру ұсынылсын.

10 10. Шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен кейін қолданысқа енгізілсін.

11 11. Аудан әкімінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 100 шешімінің күші жойылсын.

12 12. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Алмағамбетовке жүктелсін.

Келісілді:
Аудандық қорғаныс істері
жөніндегі бөлімінің бастығы:
Н. Бозбалиев
Исатай аудандық ішкі істер
бөлімінің бастығы:
Б. Қапаров
Аудандық емхананың
бас дәрігері:
М. Жамалова
"Жайықмұнай" Мұнайгаз өндіру
басқармасының бастығы
Д. Әбілханов
Исатай аудандық телекоммунакация
торабының директоры
С. Арыстанов

13 Аудандық әкімияттың

2007 жылғы 1 ақпандағы № 5
қаулысына 1-қосымша
Жастарды әскер қатарына шақыру комиссиясының құрамы:

1 1. Бозбалиев Нұрасбек - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, комиссия төрағасы

2 2. Жанарыстанов Ғаллам - аудан әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары;

Комиссия мүшелері:

1 1. Балтабек Наталья Балтабекқызы – комиссия хатшысы.

2 2. Бижанова Роза – аудагндық орталық емхананың аға дәрігері;

3 3. Хисметуллин Ахан Ғалламұлы– аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.

19 Аудандық әкімияттың

2007 жылғы 1 ақпандағы № 5
қаулысына 2-қосымша
Селолық округтер бойынша әскери есепке тіркелетін жастардың флюрографияға түсуге және анализдер тапсыру кестесі.

Селолық округтер
Өтетін күндері
03.01.08
07.01.08
08.01.08
09.01.08
10.01.08
11.01.08
12.01.08
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
Аққыстау с/о
х
2
Тұщықұдық с/о
х
3
Новобогат с/о
х
4
Жанбай с/о
х
5
Нарын с/о
х
6
Забурын с/о
х
7
Исатай с/о
х
Ескерту: Флюрографияға түсіру аудандық емханада

20 Аудандық әкімияттың

2007 жылғы 1 ақпандағы № 5
қаулысына 3-қосымша
Медициналық комиссияның кестесі
Се­ло­лық округ­тер
Өте­тін күн­де­рі
14.01.2008
15.01.2008
16.01.2008
17.01.2008
18.01.2008
21.01.2008
22.01.2008
1
Ақ­қы­стау
Ақ­қы­стау ор­та мек­те­бі
Абай ор­та мек­те­бі
Х
Х
2
Тұ­щы­құ­дық се­ло­лық окру­гі
Мыр­за­ға­ли­ев ор­та мек­те­бі
Х
3
Но­во­бо­гат се­ло­лық окру­гі Ма­са­ли­мов ор­та мек­те­бі
Но­во­бо­гат ор­та мек­те­бі
Х
4
Жан­бай се­ло­лық окру­гі Нау­бе­тов ор­та мек­те­бі
Х
5
На­рын се­ло­лық окру­гі
На­рын ор­та мек­те­бі
Х
6
За­бу­рын се­ло­лық окру­гі Га­га­рин ор­та мек­те­бі
Х
7
Ис­а­тай се­ло­лық окру­гі Ис­а­тай ор­та мек­те­бі
х
Х

21 Аудандық әкімияттың

2007 жылғы 1 ақпандағы № 5
қаулысына 4-қосымша
Тіркеу кезінде аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге бөлінетін техникалық қызметкерлердің, мекемелер тізімі

Кәсіпорын, мекемелер атауы
Бөліну күні
1
Жайықмұнай мұнай - газ өндіру басқармасы
01.01.2008ж. – 30.03.2008ж.
2
Аудандық білім бөлімі
01.01.2008ж. – 30.03.2008ж.
3
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
01.01.2008ж. – 30.03.2008ж.
4
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
01.01.2008ж. – 30.03.2008ж.