Перейти к тексту документа

1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Иной акт · № 12-35 · принят 28.12.2007
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 28.12.2007
https://adilet.kz/ru/laws/1991-ekb-37088/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы Утратил силу Иной акт ·№ 12-35 ·28.12.2007
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

ҚАЗ1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 12-35 · принят 28.12.2007

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Наименование (каз.)
1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
12-35
Дата принятия
28.12.2007
Показанная редакция
28.12.2007 · действующая 37088_349273.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
28.12.2007
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V07DG000053
Идентификатор ЭКБ
37088
Идентификатор редакции
37088_349273
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 14:19

0 1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, 1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ак жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскер мен әскери құрамаларға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2008 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1991 жылы туылған, сондай-ак бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.

2 2. Селолық және поселкелік округтердің әкімдері:

1 1)қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге шақыру учаскесіне тіркелуге жататын 1991 жылы туылған жастардың тізімін бepciн;

2 2)1991 жылы туылған, сондай-ақ әскерге шақыру учаскелерінде бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде, толық және ұйымшылдықпен тіркеуге алуды қамтамасыз етсін.

3 3. Аудандық ішкі істер бөлімі (Аширов Қасым Әбілдаұлы):

1 1)қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге жасөспірімдердің icтepi жөніндегі инспекцияларда есепте тұрған жастардың тізімін берсін;

2 2)корғаныс icтepi жөніндегі бөлімге әскерге шақыру учаскелерінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген азаматтарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асырсын.

4 4. Аудандық орталық аурухана (Молдахалықова Доғдырқұл

Өмірқұлқызы):

1 1)қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімі тізімге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан-жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл icкe тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;

2

2)қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге 1991 жылы туылған амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажет медицинальщ құжаттарын, туберкулез, наркологиялық, тepi-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірім кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;

3 3)тipкeyгe алуға дейін 1991 жылы туылған барлық жастарды қажет медициналық тексеруден өткізсін;

4 4)ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман- дәрігерлеріне тапсырсын.

5.Аудандық білім беру бөлімі (Алтынбекова Светлана Амантайқызы):

1 1)тіркеуге алу кезінде орта білімі жоқ жастарды анықтау үшін қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге уәкілін бөліп, олардың оқуын ұйымдастырсын;

2 2)1991 жылы туылған жастар арасынан әскери оқу орындарын түсетін кандидаттарды іріктеп алу жұмысын жүргізсін.

6 6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қарымбаев Жақсылық Сұлтанұлы):

қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылатын 1991 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.

7 7. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі (Момынқұлов Байжомарт Байшымырұлы):

1 1)кәсіпорындарда, ұйымдарда және оку орындарында әскери қолданбалы спорт түрлері бойынша жастардың дайындығына бақылауды жүзеге асырсын;

2 2)тіркеуге алу кезінде шақырылушы жастар арасында әскери патриоттық мәселелер бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып, өткізсін.

8 8. Аудандық қорғаныс icтepi жөніндегі бөлім тіркеуге алу бойынша ұйымдастырылған шаралар мен олардың орындалу барысы туралы ақпаратты аудан әкімі аппаратына 2008 жылдың 10 cәyipiнe дейін хабарласын.

9 9. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қазиев Бейсенбек Бақтыбекұлына жүктелсін.

10 10. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.