Перейти к тексту документа

1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Иной акт · № 1-6 · принят 29.12.2007
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 29.12.2007
https://adilet.kz/ru/laws/1991-ekb-37343/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы Утратил силу Иной акт ·№ 1-6 ·29.12.2007
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

ҚАЗ1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 1-6 · принят 29.12.2007

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Наименование (каз.)
1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
1-6
Дата принятия
29.12.2007
Показанная редакция
29.12.2007 · действующая 37343_346367.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
29.12.2007
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V07DI000048
Идентификатор ЭКБ
37343
Идентификатор редакции
37343_346367
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 14:17

0 1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Қазақстан Республикасының “Әскери міндеттік және әскери қызмет туралы” Заңының 17 бабының 3 тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 Қаулысына сәйкес 1991 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды уақытылы және сапалы жүргізу, сондай-ақ жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да жасақтарға және әскери қалыптастыруға әскери қызметке шақыруға дайындық жұмыстарын жақсарту мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2008 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1991 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар Ескелді аудандық қорғаныс icтep жөніндегі бөлімінде шақыру учаскелерінде тіркеуге алынсын.

2 2. Ескелді ауданының шақыру учаскесінде тіркеуге алу жұмыстарын жүргізу үшін Ескелді ауданының «Аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының келісім бойынша:

1 1)тіркеуге алынушыларды медициналық тексеруден өткізу кезінде жан- . жақты көмек көрсету жөніндегі шараларды әзірлесін, бұл іске тәжірибелі дәрігерлер мен қажетті орта медициналық қызметкерлерді қатыстырсын;

2 2)тіркеуте алу жөніндегі комиссияның жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті медициналық құрал-жабдықтар комплекттері бөліп беретін болсын;

3

3)аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімге, тіркеуге алу басталғанға дейін 1991 жылы туылған жастардың медициналық жеке карталарын және амбулатюриялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медиңиналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тepi-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасына есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын;

4 4)тіркеуге алуға дейін 1991 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін;

5 5)ауыратыны анықталған жасөспірімдердің арасындағы сауықтыру жұмыстарын тікелей медициналық тексеру кезінде бастасын, олардың тізімін осы жасөспірімдердің тұрғылықты жерлеріндегі емхананың маман- дәрігерлеріне тапсырсын.

3 3. Аудандық білім бөлімі 1991 жылы туылған жастар арасында әскери оқу орындарына түсетін кандидаттарды ipiктеп алу жұмысын жүргізілсін.

4 4. Аудандық ішкі істер бөлімі:

1 1)қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге кәмелет жасына толмағандар icтepi жөніндегі инспекцияда тіркеуде тұрған жасөспірімдердің тізімін 2007 жылдың 30 желтоқсанына дейін тапсыруды қамтамасыз етсін;

2 2)Шақыру учаскесіне тіркелуден бас тартқан бозбалаларды іздестіру барысында қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге көмек көрсетін, оларды жедел түрде іздестіру үшін аудандық ішкі істер бөлімі және қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімінің өкілдерінен топ құрсын.

5 5. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қорғаныс icтepi жөніндегі бөлімге мүгедек деп танылатын 1991 жылы туылған жастар туралы мәліметтер тапсырсын.

6 6. Аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімі:

1 1)оқу орындарында, мекемелер мен ұйымдарда спорттың әскери- қолданбалы түрлері бойынша жастардың дайындығын бақылауды жүзеге асырсын;

2 2)тіркеу кезеңінде шақыру жасына дейінгі жастар арасында әскери- патриоттық мәселелер жөнінде тәрбие және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырсын және етюзсш.

7 7. Аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі (Ж.М. Тоқпаев) осы шешімнің орындалуы жөнінде 2008 жылдың 10 сәуіріне дейін хабарлама беретін болсын.

8 8. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Қ.А.Әлібаевқа жүктелсін.

9 9. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.