Перейти к тексту документа

1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Иной акт · № 14 · принят 19.12.2008
Юридическая сила: Действует · редакция от 19.12.2008
https://adilet.kz/ru/laws/1992-ekb-43296/
Напечатано 2026-08-17 · adilet.kz
1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы Действует Иной акт ·№ 14 ·19.12.2008

1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

ҚАЗ1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Действует Иной акт ·№ 14 · принят 19.12.2008

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Наименование (каз.)
1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
14
Дата принятия
19.12.2008
Показанная редакция
19.12.2008 · действующая 43296_170830.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
19.12.2008
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V08PJ000077
Идентификатор ЭКБ
43296
Идентификатор редакции
43296_170830
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 12:22

0 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес және 1992 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:

1 1. Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (С. Бектемиров келісім бойынша) 17 жасқа толатын азаматтарды 2009 жылғы қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын жүргізсін.

2 2. Ауданда азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарын өткізу үшін 1-қосымшаға сәйкес комиссия құрылсын.

3 3. Май аудандық орталық аурухананың бас дәрігері (Б. Қазбеков келісім бойынша) азаматтарды дәрігерлік тексеру кезеңінде:

1 1) ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімін қажет маман - дәрігермен қамтамасыз етсін;

2 2) дәрігерлік комиссияның қосымша тексеруге жіберілген азаматтарды қабылдау үшін стационарда жату орындарын ұйымдастырсын, амбулаториялық, стационарлық тексеру шығындарын ауылдық дәрігерлік амбулаториялар арқылы өтілуін қамтамасыз етсін;

3 3) азаматтарға барлық вакцинация егу түрлері жүргізілсін;

4 4) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қажетті дәрі-дәрмектер, кұрал - жабдықтар, мүліктер бөлінсін;

5 5) тіркеу қорытындысы бойынша ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен түскен № 1, № 2 тізімдердегі әскерге шакырылушылардың емделуін бақылауға алып, оның нақты орындалуы туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарласын.

4

4. Ауыл және селолық округ әкімдері барлық меншік нысаны кәсіпорын басшылары 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін азаматтарға шақыру қағазын беріп, олардың комиссиядан өтетін күндерінде болуын қамтамасыз етіп, тізімін, мінездемесін, отбасы туралы анықтамасын, жұмыс, оқу орнынан анықтамасын, білімі жөніндегі құжатының көшірмесі, 6 дана 3х4 фотосуретін ұсынсын.

5 5. Ауыл және селолық округ әкімдеріне азаматтардың шақыру учаскесіне қажетті құжаттармен келуін қамтамасыз ету, бақылау жұмыстары жүктелсін.

6

6. Май аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы (С.И. Мұқатаев) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімін құжаттармен жұмыс істеуге көмек қөрсету үшін 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында үш техникалық жұмыскермен қамтамасыз етсін. Еңбекақыны Май аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы өтілуін қамтамасыз етсін.

7 7. Май аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы (Т. Андасов келісім бойынша) азаматтарды шакыру учаскесініне тіркеу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерін бекітсін.

8 8. Май аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Ә. Қоныржанов), аудан әкімі аппаратының басшысы (А. Байғалиев) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын қамтамасыз етуге байланысты ауданның қорғаныс істері жөніндегі есебі бойынша қаржы бөлінсін.

9 9. Азаматтарды селолық округтерден тіркеу уческесіне және тексерілуге дәрігерлік мекемелерге жеткізу шараларын қамтамасыз ету үшін аудан әкімі аппараттың басшысы (А. Байғалиев) автокөлікті жалға алу туралы келісім шарт жасасын.

10 10. Ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен кейін қолданысқа етізіледі.

11 11. Осы қаулының орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

Келісілді:
2008 жылғы 18 желтоқсан
Май ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің
бастығы, майор С. Бектеміров