Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
ҚАЗҚазақстан Республикасының 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
- Наименование (каз.)
- Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 5
- Дата принятия
- 04.02.2009
- Показанная редакция
- 04.02.2009 · действующая 44156_175557.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 04.02.2009
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09NP000082
- Идентификатор ЭКБ
- 44156
- Идентификатор редакции
- 44156_175557
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:51
0 Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңның 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес ШЕШТІМ:
1
1. Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған тіркеу жүргізілетін жылы 17 жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын, сонымен қатар бұрын тіркеуге алынбаған жасы үлкен азаматтарды 2009 жылдың қаңтар-наурыз айларында "Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне тiркеу жүргiзiлсiн.
2 2. Ауылдар, селолар мен селолық округтердiң әкiмдерi:
1 1) кестеге сәйкес бозбалаларға уақытында хабарлауды, олардың Науырзым ауданының шақыру учаскесiне келуiн қамтамасыз етсiн;
2 2) бозбалаларды жеткізуді адамдар тасымалдау үшiн арнаулы жабдықталған көлiктермен жүргізсін;
3 3) қосымша медициналық тексеруге жiберiлген әскер жасына дейінгілерге бақылау жүргiзсiн.
3
3. "Науырзым ауданының білім беру бөлімі" (Ж.М. Шаяхметова), "Қостанай облысы әкімдігі білім беру басқармасының № 8 кәсіптік лицей" (Қ.Қ. Байділдинов) (келiсiм бойынша) мемлекеттiк мекемелерi кестеге сәйкес аудандық шақыру учаскесiне 1992 жылы туған бозбалалармен iлесiп жүру үшiн бастапқы әскери дайындық оқытушыларын жiберу ұсынылсын.
4 4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Науырзым ауданының iшкi iстер бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (О.Ф. Жанатов) (келiсiм бойынша):
1 1) тiркеу жүргiзiлетiн күндерi қоғамдық тәртiптi сақтау үшiн шақыру учаскесiне полиция қызметкерлерiн бөлу;
2 2) кестеге сәйкес келу күндерi әскер жасына дейiнгiлердi аудандық тіркеу комиссиясына жеткiзу мақсатында полицияның учаскелiк инспекторларын жiберу;
3 3) әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiру және тiркеу учаскесiне жеткiзу жөнiндегi жұмыстарды өз құзыретi шегiнде ұйымдастыру ұсынылсын.
5
5. Меншiк нысанына қарамастан ұйымдар, кәсiпорындар мен мекемелер басшыларына азаматтардың әскер жасына дейiнгiлердi әскери есепке қоюға байланысты мiндеттердi орындау үшiн қажеттi уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметi сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылатынын ескеру ұсынылсын. Медициналық куәлiктендiру, тiркеу жөнiндегi комиссияның жұмысына тартылған мамандардың, тiркеудi өту кезеңiнде тiркеуге жататын еркек жынысты азаматтардың жұмыс орны мен атқаратын қызметi сақталады.
6
6. "Науырзым ауданының білім беру бөлімі" (Ж.М. Шаяхметова), "Қостанай облысы Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" (Қ.С. Сыздықов) (келiсiм бойынша) мемлекеттiк мекемелерi бірлесе отырып әскери оқу орындарына іріктеп алынған үміткерлердің құжаттарын дайындауы қамтамасыз етілсін, бұқаралық ақпарат құралдар арқылы әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеу басталғандығы туралы хабарландыру берілсін.