Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ҚАЗҚазақстан Республикасының 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Наименование (каз.)
- Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 3
- Дата принятия
- 10.02.2009
- Показанная редакция
- 10.02.2009 · действующая 44356_175569.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 10.02.2009
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V09NI000095
- Идентификатор ЭКБ
- 44356
- Идентификатор редакции
- 44356_175569
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 11:48
0 Қазақстан Республикасының 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркелуін ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 74 "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына сәйкес ШЕШТIМ:
1 1. Аудан аумағында 2009 жылы қаңтар-наурыз айларында "Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтардың тіркелуі ұйымдастырылып, қамтамасыз етілсін;
2 2. Село, ауыл және ауылдық (селолық) округтердің әкімдеріне, тіркеуге шақырылған жастарды шақыру учаскелеріне дер кезінде жеткізу, тіркеуге жататын жасөспірімдердің тізімін табыс ету қамтамасыз етілсін;
3
3. "Жангелдин аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорының бас дәрігері (келісім бойынша) тіркеуге шақырылған жастарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру және жетіспейтін дәрігер мамандар мен кіші медициналық қызметкерлерімен толығынан және дәрігерлік комиссияның өтетін орнымен қамтамасыз ету ұсынылсын;
4
4. "Жангелдин ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығы (келісім бойынша) 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесінде тіркелуін өткізу жөніндегі медициналық комиссия қызметін қаржыландыруды қамтамасыз етсін, сол сияқты аудандық бюджет есебінен белгіленіп бөлінген қаржы көлемінде емдеу сауықтыру мекемелерінде медициналық тексеру шараларын қаржыландыруды шешуді жүзеге асырсын;
5 5. "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі екі айға "Жангелдин ауданының Қорғаныс Істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 2 техникалық қызметкер жіберу көзделсін;
6
6. "Жангелдин аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) Жангелдин ауданының "Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша ) бірлесе отырып, есепке тіркеу учаскелеріне реттік пен тәртіптің болуын азаматтардың тіркеуден уақытылы өтуіне және тіркеу учаскелеріне келмегендерді іздестіру, оларға шара қолдану ұсынылсын;