Перейти к тексту документа

1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Иной акт · № 09 · принят 24.12.2009
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 17.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/1993-ekb-50446/on/2026-08-17/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы Действует Иной акт ·№ 09 ·24.12.2009
Редакция от 24.12.2009
Редакция, действовавшая на 17.08.2026: от 24.12.2009. Это последняя редакция в корпусе.

1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Действует Иной акт ·№ 09 · по состоянию на 17.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Наименование (каз.)
1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
09
Дата принятия
24.12.2009
Показанная редакция
24.12.2009 · действующая 50446_169359.kaz
Последнее изменение
24.12.2009
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V09PJ000091
Идентификатор ЭКБ
50446
Идентификатор редакции
50446_169359
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:33

0 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына сәйкес және 1993 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:

1 1. Май ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі ((С. Бектеміров) келісім бойынша) он жеті жасқа толатын азаматтарды 2010 жылғы қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын жүргізсін.

2 2. Май аудандық орталық аурухананың бас дәрігері ((Б. Қазбеков) келісім бойынша) азаматтарды дәрігерлік тексеру кезеңінде:

1 1) ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімін қажет маман-дәрігерлермен қамтамасыз етсін;

2 2) медициналық комиссияның қосымша тексеруге жіберілген азаматтарды қабылдау үшін стационарда жату-орындарын, амбулаториялық, стационарлық тексеруден өтулерін ұйымдастырсын;

3 3) азаматтарға барлық вакцинация егу түрлері жүргізілсін;

4 4) ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне қажетті дәрі-дәрмектер, құрал – жабдықтар, мүліктер бөлсін;

5 5) тіркеу қорытындысы бойынша ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен түскен N 1, N 2 тізімдердегі әскерге шақырылушылардың емделуін бақылауға алып, оның нақты орындалуы туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарласын.

3 3. Ауыл және селолық округ әкімдері азаматтардың шақыру учаскесіне мінездемесімен, отбасы туралы анықтамасымен, жұмыс, оқу орнынан анықтамасымен, білімі жөніндегі құжатының көшірмесімен, 6 дана 3х4 фотосуреттерімен келуін қамтамасыз етсін.

4 4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (А. Байғалиев) азаматтарды тіркеу шараларын мерзімді, сапалы түрде жүргізу және құжаттарымен жұмыс істеу үшін Май ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөлімін 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында екі техникалық қызметкермен қамтамасыз етсін.

5 5. Май ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы ((Т. Андасов) келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезеңінде қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында полиция қызметкерін бөлсін.

6 6. Май аудандық қаржы бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы (Ғ. Мұқатаева), аудан әкімі аппаратының басшысы (А. Байғалиев) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмысын қамтамасыз етуге байланысты ауданның қорғаныс істері жөніндегі есебі бойынша қаржы бөлсін.

7 7. Азаматтарды селолық округтерден тіркеу учаскесіне және тексерілуге медициналық мекемелерге жеткізу шараларын қамтамасыз ету үшін аудан әкімі аппараттың басшысы (А. Байғалиев) автокөлікті жалға алу туралы келісімшарт жасасын.

8 8. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа еңгізіледі.

9 9. Осы шешімнің орындалуын бақылауды жасау өзіме қалдырамын.

Келісілді:
2009 жылғы 21 желтоқсан
Май ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімінің
бастығы, майор С. Бектеміров

Действующая