Перейти к тексту документа

Алакөл ауданында 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Иной акт · № 1-4 · принят 15.01.2010
Юридическая сила: Действует · по состоянию на 17.08.2026
https://adilet.kz/ru/laws/1993-ekb-50906/on/2026-08-17/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
Алакөл ауданында 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы Действует Иной акт ·№ 1-4 ·15.01.2010
Редакция от 15.01.2010
Редакция, действовавшая на 17.08.2026: от 15.01.2010. Это последняя редакция в корпусе.

Алакөл ауданында 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Действует Иной акт ·№ 1-4 · по состоянию на 17.08.2026
Реквизиты и источник
Полное наименование
Алакөл ауданында 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Наименование (каз.)
Алакөл ауданында 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
1-4
Дата принятия
15.01.2010
Показанная редакция
15.01.2010 · действующая 50906_178264.kaz
Последнее изменение
15.01.2010
Язык текста
русский
НГР (номер госрегистрации)
V10DE000082
Идентификатор ЭКБ
50906
Идентификатор редакции
50906_178264
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:17

0 Алакөл ауданында 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы "Қазақстан Республикасындағы "Әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1993 жылы туылған, сонымен қатар алдыңғы тіркеуден өтпей қалған жастары үлкен азаматтарды шақыру учаскесіне есепке алуды жүргізсін.

2 2. Қала, кент, ауылдық округ әкімдеріне:

1 1) 1993 жылы туылған, сондай-ақ түрлі себептермен шақыру учаскесінде бұрын тізімге алынбаған жасы ұлғайған азаматтарды дер кезінде толық және ұйымшылдықпен тізімге алуды қамтамасыз етсін;

3 3. Алакөл аудандық орталық ауруханасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері Марат Сабетайұлы Абдығалымов (келісім бойынша)

1

1) Тізімге алынғанға дейінгі 1993 жылы туылған барлық жасөспірімдердің кеуде қуысы органдарын флюрографиялық тексеруден өткізуді, эритроциттердің тыну жылдамдығын, гемаглобинді, лейкоциттерді анықтай отырып, қандарын сараптауды, зәрдегі белок құрамын анықтау, электрокардиограммасын, сондай-ақ резустың оң және терістігін анықтауды жүргізсін;

2 2) Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне науқастың амбулаториялық картасы мен туберкулез, жүйке ауруларды диспансерлерінде және жасөспірімдер кабинетінде есепте тұрғандардың тізімін берсін.

4 4. Аудандық білім бөлімінің бастығы Қоңыржай Жағыпарқызы Қсталова:

1 1) Тізімдеу кезінде орта білімі жоқ азаматтарды анықтау мақсатында аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің қарамағына тиісті мұғалімдер бөлсін және олардың орта білім алуын ұйымдастырсын:

2 2) Дайындық деңгейі мейлінше дамыған жастар арасынан жоғары әскери оқу орындарына кандидаттар іріктеу жұмысын жүргізсін:

5 5. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Нұрлан Мырзаханұлы Масимов (келісім бойынша)

1 1) Тізімге алу алдында қорғаныс істер жөніндегі бөліміне 1993 жылы туылған азаматтар арасында әкімшілік жауапкершілікке тартылған бас еркінен айырылған және тіркеудегі нашақорлыққа салынғандардың тізімін берсін.

6 6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Тәшім Жазыбекұлы.

1 1) Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне мүгедек деп танылған 1993 жылы туылған жастардың тізімін тапсырсын.

7 7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Ерен Оқасұлы Мейрамбеков атқарылған жұмыстар туралы 2010 жылдың 5 сәуіріне аудан әкіміне хабарлама берсін.

8 8. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Д. Меңлібаеваға жүктелсін.

9 9. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан кейінгі он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Действующая