Перейти к тексту документа

Панфилов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген, 1993 жылы туылған және үлкен жасты ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы

Иной акт · № 01-01 · принят 27.01.2010
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 30.12.2010
https://adilet.kz/ru/laws/1993-ekb-51050/
Напечатано 2026-08-21 · adilet.kz
Панфилов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген, 1993 жылы туылған және үлкен жасты ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы Утратил силу Иной акт ·№ 01-01 ·27.01.2010
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Панфилов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген, 1993 жылы туылған және үлкен жасты ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы

ҚАЗПанфилов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген, 1993 жылы туылған және үлкен жасты ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы

Утратил силу Иной акт ·№ 01-01 · принят 27.01.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Панфилов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген, 1993 жылы туылған және үлкен жасты ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы
Наименование (каз.)
Панфилов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген, 1993 жылы туылған және үлкен жасты ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
01-01
Дата принятия
27.01.2010
Показанная редакция
30.12.2010 · действующая 51050_195268.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
30.12.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10DP000105
Идентификатор ЭКБ
51050
Идентификатор редакции
51050_195268
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 09:12

0 Панфилов ауданының шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген, 1993 жылы туылған және үлкен жасты ер азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес, аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қазақстан Республикасының 1993 жылы туылған ер азаматтары мен шақырылу жасынан өткен, бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек ер азаматтары 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында Панфилов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуден өткізілсін.

2 2. "Панфилов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (М. Ж. Мұқанов келісім бойынша):

1 1) 1993 жылы туылған және одан үлкен жаста, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеу жұмыстарын ұйымдастырып өткізу.

2 2) 1993 жылы туылған және одан үлкен жаста, бұрын шақыру учаскесінде тіркелмеген Қазақстан Республикасының ер азаматтарын шақыру учаскесіне тіркеу қорытындысы туралы ақпаратты 2010 жылғы 10 сәуірге дейін аудан әкіміне тапсыру ұсынылсын.

3 3. "Панфилов ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (Т. Сарпеков келісім бойынша):

2010 жылғы қаңтар айында 1993 жылы туылған ер азаматтардың барлығына амбулаторлық, диспансерлік, Ф N 025/у және Ф N 025-1/у карталары "Панфилов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсыру ұсынылсын.

4 4. Қалалық, ауылдық округтерінің әкімдері:

Шақыру учаскесіне тіркелуге тиіс 1993 жылы туылған Қазақстан Республикасының ер азаматтарының тіркеу учаскесіне келуін қамтамасыз ету және олардың тізімдерін Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ұсыну тапсырылсын.

5 5. "Панфилов ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (А. Омаров келісім бойынша) шақыру учаскесіне азаматтардың тіркеу кезінде:

1 1) "Панфилов ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өтініші бойынша есепке тұрудан бас тартқан тұлғаларды іздестіру және тіркеу учаскесіне жеткізу;

2 2) Шақыру учаскесіне ер азаматтарды тіркеу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін шаралар қолдану ұсынылсын.

6 6. "Панфилов ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б. Албанбекова) тіркеу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландырылуын жергілікті бюджетте осы мақсаттарға қарастырылған қаржы есебінен қамтамасыз етсін.

7 7. Шақыру учаскесіне тіркелуге тиіс 1993 жылы туылған Қазақстан Республикасының ер азаматтарын тіркеу жұмыстарының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Раевқа жүктелсін.

8 8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.