Перейти к тексту документа

1994 жылдары туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Иной акт · № 3 · принят 03.12.2010
Юридическая сила: Действует · редакция от 03.12.2010
https://adilet.kz/ru/laws/1994-ekb-56031/
Напечатано 2026-08-18 · adilet.kz
1994 жылдары туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы Действует Иной акт ·№ 3 ·03.12.2010

1994 жылдары туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

ҚАЗ1994 жылдары туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Действует Иной акт ·№ 3 · принят 03.12.2010

Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
1994 жылдары туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Наименование (каз.)
1994 жылдары туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы
Вид акта
Иной акт
Юридическая сила
Действует
Код статуса в реестре
new
Номер
3
Дата принятия
03.12.2010
Показанная редакция
03.12.2010 · действующая 56031_195300.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
03.12.2010
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V10DQ000092
Идентификатор ЭКБ
56031
Идентификатор редакции
56031_195300
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
03.08.2026 06:48

0 1994 жылдары туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы

Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17, 18-баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 8)-тармақшасына сәйкес, азаматтарды шақыру учаскесінде тіркеуге алуды уақтылы және сапалы жүргізу үшін аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. 2011 жылғы қаңтар – наурыз айларында 1994 жылы туылған, сондай-ақ бұдан бұрын тіркеуге алынбаған жасы ұлғайған азаматтар әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алынсын.

2 2. Ауылдық, поселкелік, қалалық округтердің әкімдері:

1 1) 1994 жылы туылған, сондай-ақ жасы ұлғайған азаматтардың шақыру учаскесіне тіркеуге алынуын қамтамасыз етсін.

2 2) азаматтардың медициналық куәландырудан өткізілуін қамтамасыз ету үшін олардың учаскесіне жеткізілуін қадағаласын.

3 3. "Сарқан ауданының орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (М.С.Долаева):

1

1) 2010 жылғы "Сарқан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1994 жылы туылған, амбулаториялық есепте тұрған науқастанушылардың қажетті медициналық құжаттарын, сондай-ақ туберкулез, наркологиялық, тері-венерологиялық және психоневрологиялық диспансерінде, жасөспірімдер кабинеттерінде, сонымен қатар жұқпалы науқастар ауруханасында есепте тұрған жастардың тізімін тапсырсын.

2 2) тіркеуге алуға дейін 1994 жылы туылған барлық жастарды қажетті медициналық тексеруден өткізсін.

4 4. Сарқан аудандық ішкі істер бөлімі (А.Т. Асқарбаев):

әскерге шақыру учаскесінде тізімге тұрудан жалтарып жүрген жастарды іздестіру топтарын құрсын.

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Маманбаевқа жүктелсін.

6 6. Осы шешім баспасөзде алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.