1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
ҚАЗ1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Наименование (каз.)
- 1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 12-163
- Дата принятия
- 03.12.2010
- Показанная редакция
- 13.06.2011 · действующая 56519_185504.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 13.06.2011
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10DH000168
- Идентификатор ЭКБ
- 56519
- Идентификатор редакции
- 56519_185504
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 06:49
0 1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабының 1-тармағы 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 05 мамырдағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырылушыларды алдын ала белгілеу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. 2011 жылғы қаңтар-наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Есік қаласы, Абай көшесі, 322 және Шелек селосы, Кадыров көшесі 2 мекен-жайында орналасқан шақыру учаскесіне "Еңбекшіқазақ ауданының Қорғаныс Iстерi жөнiндегi бөлiмі" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2 2. Қала және селолық округ әкімдері және ұйымдардың басшылары жыл сайын белгілеген мерзімде Еңбекшіқазақ ауданының Қорғаныс Iстерi жөнiндегi бөлiміне шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілердің тізімін берсін.
3
3. Аудандық Әділет басқармасында 2009 жылы 11 желтоқсанында N 2-8-130 нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткен, аудандық "Еңбекшіқазақ" газетінің 25 желтоқсандағы N 53 санында жарияланған Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2009 жылдың 16 қарашасының "1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы" N 11-148 шешімінің күші жойылды деп танылсын.