1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Наименование (каз.)
- 1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 24
- Дата принятия
- 31.12.2010
- Показанная редакция
- 31.12.2010 · действующая 56886_185456.kaz
- Последнее изменение
- 31.12.2010
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V10DI000118
- Идентификатор ЭКБ
- 56886
- Идентификатор редакции
- 56886_185456
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 06:18
0 1994 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 33-бабындағы 1-тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 05 мамырындағы "Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" N 371 қаулысына сәйкес, азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін және денсаулық жағдайын анықтау, жалпы білім деңгейін және мамандығын белгілеу, дене даярлығы деңгейін анықтау, әскерге шақырушыларды алдын ала белгілеу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. 2011 жылғы қаңтар – наурыз айларында 1994 жылы туылған және бұрын шақыру учаскесінде тіркеуден өтпеген ересек азаматтарды Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Строителей көшесі N 13 мекен жайында орналасқан шақыру учаскесіне "Ескелді ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі арқылы тіркеу ұйымдастырылып, қамтамасыз етілсін.
2 2. Кент және ауылдық округтердің әкімдері мен аудандық мемлекеттік ұйымдар басшылары жыл сайын белгіленген мерзімде Ескелді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне, шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскери жасына дейінгілердің тізімін берсін.
3
3. Ескелді ауданы әкімінің 2009 жылдың 02 желтоқсанындағы "Ескелді ауданы бойынша 1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуге алу және жастарды әскери қызметке шақыруға дайындау туралы" N 15 (Ескелді ауданының Әділет басқармасында нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 01 қаңтарында N 2-9-93 тіркелген, аудандық "Жетісу – Шұғыласы" газетінде 2010 жылдың 08 қаңтарындағы N 2 жарияланған) шешімінің күші жойылсын.