«1998 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық Мәслихаттың шешіміне өзгертулер мен қосымшалар туралы
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- «1998 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық Мәслихаттың шешіміне өзгертулер мен қосымшалар туралы
- Наименование (каз.)
- «1998 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық Мәслихаттың шешіміне өзгертулер мен қосымшалар туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- ХХ
- Дата принятия
- 25.06.1998
- Показанная редакция
- 25.06.1998 · действующая 4427_254581.kaz
- Последнее изменение
- 25.06.1998
- Язык текста
- русский
- НГР (номер госрегистрации)
- V98P000001_
- Идентификатор ЭКБ
- 4427
- Идентификатор редакции
- 4427_254581
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 05.08.2026 01:40
0 «1998 жылға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық Мәслихаттың шешіміне өзгертулер мен қосымшалар туралы
Облыстық Мәслихат ШЕШТІ:
1 1. «1998 жылға арналған облыстық бюджет туралы» 1998 жылғы қаңтардағы облыстық Мәслихаттың шешіміне мынадай өзгертулер және қосымшалар енгізілсін:
І-ші пункт мына редакцияда оқылсын:
1998 жылға арналған облыстық бюджет кіріс бойынша 7811684 мың.теңге, шығыс бойынша 7811684 мың теңге қосымшаға орай бекітілсін.
ІV пункт мына редакцияда оқылсын:
Жалпы мемлекеттік салық пен кірістен түсетін жалпы соманы қала мен аудан бюджеттеріне мына мөлшерде бөлінсін:
а) акцидер бойынша
Ақсу қаласына – 80 %
Павлодар қаласына – 36 %
Екібастұз қаласына – 10 %
б) төлем көздерінің ұсталынатын заңды тұлғалардың табыс салығы:
Ақтоғай, Баянауыл, Железинка, Ертіс, Качир, Лебяжье, Май, Павлодар, Успенка, Шарбақты аудандарына 100 проценттен, Ақсу, Екібастұз және Павлодар қалаларына 10 проценттен.
в) Заңды тұлғалардың табыс салығы бойынша:
Ақтоғай, Баянауыл, Железинка, Ертіс, Качир, Лебяжье, Май, Павлодар, Успенка, Шарбақты аудандарына 40 проценттен.
6 пункт мына редакцияда оқылсын:
Облыстық бюджет шығынының құрамында міндетті медициналық сақтандыру қоры бойынша ассигнования 638275 мың теңге сомасында, Ақсу қаласының бюджетінде 155244 мың теңге сомасында, Павлодар қаласының бюджетінде 363561 мың теңге сомасында.
7 пункт мына редакцияда оқылсын:
Мемлекеттік басқару органдары мен өкіметті сақтау үшін облыстық бюджетте 254082 мың теңге сомасында ассигнования белгіленсін.
9 пункт мына редакцияда оқылсын:
1998 жылы селолық аудандар бюджетіне 1121481 мың теңге сомада трансферттер (субвенциялар) бөлінсін, соның ішінде:
Ақтоғай 101692
Баянауыл 80329
Железинка 142282
Ертіс 129375
Қашыр 124026
Лебяжі 109396
Май 88338
Павлодар 108754
Успенка 114215
Шарбақты 123074
14 пункт мына мәтінмен толықтырылсын:
Облыстық бюджеттің шығындарында екінші деңгейдегі банктердің 7945 мың теңге мөлшеріндегі, соның ішінде «Казкоммерцбанк» АҚ-1136572 мың теңге мөлшеріндегі қарызын төлеуге арналған ассигнования есепке алынсын.