Перейти к тексту документа

Облыс әкімиятының 2001 жылғы 30 маусымдағы N№44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Постановление · № 198 · принят 25.03.2001
Юридическая сила: Утратил силу · редакция от 25.03.2001
https://adilet.kz/ru/laws/2001-30-nno44/
Напечатано 2026-08-14 · adilet.kz
Облыс әкімиятының 2001 жылғы 30 маусымдағы N№44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Утратил силу Постановление ·№ 198 ·25.03.2001
Акт утратил силу. Текст приведён для справки и не является действующим правом.

Облыс әкімиятының 2001 жылғы 30 маусымдағы N№44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

ҚАЗОблыс әкімиятының 2001 жылғы 30 маусымдағы N№44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Утратил силу Постановление ·№ 198 · принят 25.03.2001

Данные из ЭКБ обновлены 04.08.2026

Реквизиты и источник
Полное наименование
Облыс әкімиятының 2001 жылғы 30 маусымдағы N№44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Наименование (каз.)
Облыс әкімиятының 2001 жылғы 30 маусымдағы N№44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Вид акта
Постановление
Юридическая сила
Утратил силу
Код статуса в реестре
yts
Номер
198
Дата принятия
25.03.2001
Показанная редакция
25.03.2001 · действующая 12008_295693.kaz
Всего редакций в базе
1
Последнее изменение
25.03.2001
Язык текста
казахский
НГР (номер госрегистрации)
V02L0001772
Идентификатор ЭКБ
12008
Идентификатор редакции
12008_295693
Первоисточник
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Данные обновлены
04.08.2026 23:56

0 Облыс әкімиятының 2001 жылғы 30 маусымдағы №44 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Басқарудың тиімділігін арттыру, ақпараттық алмасуды реттеу, қағазбастылықты қысқарту мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Облыс әкімиятының 2001 жылғы 30 маусымдағы №44 "Қызылорда облысы әкімиятының Регламентін бекіту туралы" қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

Аталған қаулымен бекітілген Қызылорда облысы әкімиятының Регламентінде 4 бөлімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кіріс хат хабарларды қарау. Әкімият және әкім кесімдерінің жобаларын дайындау мен рәсімдеу тәртібі";
16 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"16. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреттеріне кіретін барлық мәселелер бойынша өздігінен шешім қабылдайды. Бірнеше жергілікті атқарушы органдардың құзыреттеріне кіретін мәселелер бойынша бірлескен шешімдер қабылданады, олар бірлескен бұйрықтармен немесе басқа кесімдермен рәсімделеді.
Мемлекеттік органдар әкімиятқа, облыс әкіміне тиісті шешімдер қабылдау үшін қызметтік хат хабарларды мынадай жағдайларда жолдайды:
1) мәселені шешу әкімияттың, облыс әкімінің құзыретінде болса;
2) жергілікті атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған кезде;
3) мәселенің шешілуі ведомство аралық үйлестіруді талап еткенде.
Облыс әкімі аппараты туралы Ережеге сәйкес облыс әкімиятының Регламентінің және облыс әкімі аппаратында іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулықтың талаптары бұзылып рәсімделген құжаттар әзірлеушіге пысықтауға қайтарылады.
Жергілікті атқарушы, басқа да мемлекеттік органдардың, шаруашылық субъектілердің белгіленген есеп беруде қарастырылмаған, сынған ақпараттық материалдар, сондай-ақ, төтенше жағдайларды жоюға қатысты емес жергілікті маңыздылықтар мен мақсаттарды шешуге және өзге де алдын ала қарастырылмаған шығындарға бюджетте қаралмаған қаражаттар бөлу туралы олардың обләкімиятқа, облыс әкіміне жолдаған өтініштері қаралмай қайтарылады.
Облыстық әкімиятқа, облыс әкіміне жолданған жергілікті атқарушы, басқа да мемлекеттік органдардың өтініштерінде көтерілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін тиісті органдарда пысықталмаса құжаттар, сондай-ақ, қыстақ, ауыл округтері әкімдерінің аудандар мен Қызылорда қаласы әкімдерімен және тиісті мемлекеттік органдармен келісілмеген өтініштер мәселенің егелігіне қарай қараусыз жолданады.
Облыстық ұйымдардан түсетін барлық құжаттама құзыреттеріне сәйкес облыс әкімі орынбасарларына, аппарат басшысына қарауға беріледі, олар сол бойынша шешім қабылдайды және шағым берушілерге жауап дайындайды. Егер қойылған мәселенің шешімі облыс әкімі орынбасары, аппарат басшысының өкілеттігі шегінен шықса, онда олар тиісті ұсыныс дайындайды және қорытынды шешім қабылдау үшін облыс әкіміне ұсынады.".

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің аппарат басшысы Ғ. Жарқынбаевқа жүктелсін.