Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 сәуірдегі «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» №17-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
ҚАЗАудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 сәуірдегі «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» №17-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 сәуірдегі «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» №17-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Наименование (каз.)
- Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 сәуірдегі «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» №17-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Вид акта
- Положение
- Юридическая сила
- Утратил силу
- Код статуса в реестре
- yts
- Номер
- 2-2
- Дата принятия
- 26.09.2007
- Показанная редакция
- 26.09.2007 · действующая 35299_312804.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 26.09.2007
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V07ZF000052
- Идентификатор ЭКБ
- 35299
- Идентификатор редакции
- 35299_312804
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 15:02
0 Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 15 сәуірдегі «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» №17-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы негізінде және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің хатына сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. 2002 жылғы 15 сәуірдегі № 17-6 «Тұрғын үй көмегі көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Жәнібек аудандық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №1495 нөмірмен тіркелген, аудандық «Шұғыл» газетінде 2002 жылғы 30 мамырда жарияланған), 2003 жылғы 15 ақпандағы №26-5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №2009 нөмірмен тіркелген), 2006 жылғы 23 желтоқсандағы №32-6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №7-6-39 нөмірмен тіркелген, аудандық «Шұғыла» газетінде 2007 жылғы 26 қаңтарда жарияланған), шешімдерімен енгізілген өзгерістермен қоса) төмендегі өзгерістер енгізілсін:
2 тарауының 4 бабында «шекті шығындар үлесі-көмек алатын отбасының жиынтық табысының 30 проценті мөлшерінде есептеледі» деген сөйлем «тұрғын үйді күтіп ұстау және коммуналдық қызметті пайдалану ақысын төлеудің шекті шығын көлемі келесідей болып белгіленсін: жалғыз басты зейнеткерлер үшін – 15%, аз қамтылған отбасылар үшін-20%, басқа санаттарға-30%» деген сөздермен ауыстырылсын.