Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері атты аудандық конкурс өткізу туралы
ҚАЗШағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері атты аудандық конкурс өткізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері атты аудандық конкурс өткізу туралы
- Наименование (каз.)
- Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері атты аудандық конкурс өткізу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 240
- Дата принятия
- 20.10.2003
- Показанная редакция
- 20.10.2003 · действующая AI17517_0.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 20.10.2003
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03GF001138
- Идентификатор ЭКБ
- 17517
- Идентификатор редакции
- AI17517_0
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 20:52
0 Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері атты аудандық конкурс өткізу туралы
Меркі ауданында шағын бизнесті дамытуға жәрдемдесетін кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін ынталандыру және олардың арасынан үздіктерін айқындау мақсатында, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабын басшылыққа ала отырып аудандық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. "Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері" конкурсы өткізілсін.
2 2. "Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері" конкурсын өткізу Ережесі бекітілсін.
3 3. "Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері" атты конкурсты өткізу мерзімі 2003 жылдың қараша-желтоқсан айлары болып белгіленсін.
4 4. "Шағын бизнес саласында 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері" атты конкурсты өткізу комиссиясының құрамы бекітілсін:
Бүркітбаев Қанат Оралұлы - Меркі ауданы Әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Сейсебаев Талғат Кәдірқұлұлы - Меркі ауданы Әкімінің шағын кәсіпкерлікті қолдау
комитетінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары
Абашев Еренсіз Абашұлы - аудандық тіл басқармасының бастығы, комиссия хатшысы
Жұматаев Жаңабек - аудандық бас сәулетші
Қалқабаева Айнабүбі Асанқызы - Меркі ауданы әкімиятының экономика басқармасының бастығы
Құралбай Серік - "Меркі тынысы" газетінің бас редакторы
Бұтабаев Садық Салыұлы - аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы.
5 5. Шағын бизнес саласындағы 2003 жылдың үздік кәсіпкерлері атты конкурсты өткізу үшін аудандық бюджеттен 100 (жүз) мың теңге бөлінуін қамтамасыз ету аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі Бахыт Иманбетовке тапсырылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуы аудан Әкімінің орынбасары Қанат Оралұлы Бүркітбаевқа жүктелсін.
7 7. Осы қаулы Жамбыл облыстық әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.
8 Меркі ауданында "Шағын бизнес саласындағы 2003 жылғы үздік кәсіпкерлері" конкурсын өткізудің Ережесі
Меркі ауданы әкімиятының 2003 жылғы
21 қазандағы "Шағын бизнес саласында
2003 жылдың үздік кәсіпкерлері атты
аудандық конкурс өткізу туралы" № 240
қаулысымен бекітілген
Меркі ауданында "Шағын бизнес саласындағы 2003 жылғы үздік кәсіпкерлері" конкурсын өткізудің Ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже "Шағын бизнес саласындағы 2003 жыл үздік кәсіпкерлері" конкурсына дайындық (бұдан әрі - Конкурс), оны жариялау мен өткізудің тәртібін айқындайды.
2 2. Конкурс мақсаты - Меркі ауданында шағын бизнесті дамытуға жәрдемдесетін кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің қызметін ынталандыру және олардың арасынан үздіктерін айқындау болып табылады.
3 3. Конкурс 2003 жылғы қараша - желтоқсан айы ішінде өлшемдер бойынша баллдарды есептеу жолымен бес номинациямен өткізіледі:
1 1) Жылдың үздік кәсіпкері
2 2) Өндіріс саласындағы үздік кәсіпкер
3 3) Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпкер
4 4) Үздік әйел кәсіпкер
5 5) Үздік фермер кәсіпкер
4 4. Конкурс өткізу туралы хабарландыру Меркі ауданының "Меркі тынысы" газеті арқылы жарияланады.
2 2. Конкурсқа қатысу тәртібі
5 5. Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының резиденті - шағын бизнес субъектілері болып табылатын жеке және заңды тұлғалар (жарғылық капиталына мемлекет қатыспайтын) жіберіледі.
6
6. Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген жеке және заңды тұлғалар өзіне Конкурсқа қатысушының қызметі туралы ақпаратты қамтитын белгілі бір номинация бойынша өтінім-сауалнаманы, (бұдан әрі - өтінім) толтыруы және конкурстық комиссияға өтінімдегі барлық ақпараттардың сенімділігін растайтын қосымша құжаттарды ұсынуы қажет.