2003 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне берiлетiн атаулы материалдық көмектiң мөлшерiн белгiлеу туралы
ҚАЗ2003 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне берiлетiн атаулы материалдық көмектiң мөлшерiн белгiлеу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 04.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2003 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне берiлетiн атаулы материалдық көмектiң мөлшерiн белгiлеу туралы
- Наименование (каз.)
- 2003 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне берiлетiн атаулы материалдық көмектiң мөлшерiн белгiлеу туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 71
- Дата принятия
- 30.03.2003
- Показанная редакция
- 30.03.2003 · действующая 15591_123226.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 30.03.2003
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V03NP002150
- Идентификатор ЭКБ
- 15591
- Идентификатор редакции
- 15591_123226
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 04.08.2026 22:20
0 2003 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне берiлетiн атаулы материалдық көмектiң мөлшерiн белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағы 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi № 2247 "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне, оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заң күшi бар Жарлығының 20 бабына сәйкес, Науырзым ауданының әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмек көрсету түрiнде 2003 жылға арналған қосымша әлеуметтiк қорғау шаралары ай сайын 230 теңге мөлшерiнде бекiтiлсiн.
2 2. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмек көрсету жөнiндегi комиссияның құрамы бекiтiлсiн (қосымша).
3 3. Қоса берiлiп отырған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмектi тағайындау мен төлеудiң Ережесi бекiтiлсiн.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Қ.Ж. Зейнеловке жүктелсiн.
КЕЛІСІЛДІ
"Науырзым аудандық еңбек, жұмыспен
қамту және халықты әлеуметтiк
қорғау басқармасы" Мемлекеттiк
мекемесiнiң бастығы
"Қостанай облысы қаржы Департаментiнiң
Науырзым аудандық қаржы басқармасы"
Мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
"Қазақстан Республикасы ардагерлер
ұйымы қоғамдық бiрлестiгiнiң Науырзым
аудандық ардагерлер ұйымы" филиалының
төрағасы
"Науырзым ауданы бойынша салық комитетi"
Мемлекеттiк мекемесiнiң төрағасы
5 Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы Науырзым
ауданы әкiмиятының
2003 жылғы 31 наурыздағы
№ 71 қаулысына қосымша
Атаулы материалдық көмек
көрсету жөнiндегi комиссияның
ҚҰРАМЫ
Зейнелов Қойшыбай Жұрмағанбетұлы
-
Аудан әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Шаяхметова Жұлдызай Мұхатайқызы
-
"Науырзым аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" Мемлекеттiк мекемесiнiң халыққа атаулы әлеуметтiк көмек бөлiмiнiң бастығы, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелерi:
Искакова Светлана Серкешқызы
-
"Науырзым аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" Мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
Тасқымбаева Гүлнар Дәрiбайқызы
-
"Қостанай облысы қаржы Департаментiнiң Науырзым аудандық қаржы басқармасы" Мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы (келiсiм бойынша)
Тасқынбаев Есiмсейiт Ыбырайұлы
-
"Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымы" қоғамдық бiрлестiгiнiң "Науырзым аудандықардагерлер ұйымы" филиалының төрағасы (келiсiм бойынша)
Ташмағамбетов Төлеген Жұмабекұлы
-
"Науырзым ауданы бойынша салық комитетi" Мемлекеттiк мекемесiнiң төрағасы (келiсiм бойынша)
Жиенбаева Зейнегүл Базылтайқызы
-
"Науырзым аудандық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы" Мемлекеттiк мекемесiнiң жұмыспен қамту мәселелерi бойынша бас маманы
6 Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы Науырзым
ауданы әкiмиятының
2003 жылғы 31 наурыздағы
№ 71 қаулысына қосымша
қаулысымен бекiтiлген
Ұлы Отан соғысының қатысушылары
мен мүгедектерiне атаулы материалдық
көмектi тағайындау мен төлеудiң
ЕРЕЖЕСI
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 14 тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
1 1. Жалпы ережелер
Осы Ереже Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне атаулы материалдық көмек көрсетудi реттейдi.