Әскер жасына дейінгі жастарды 2004 жылғы кезекті дәрігерлік тексеруден өткізу туралы
ҚАЗӘскер жасына дейінгі жастарды 2004 жылғы кезекті дәрігерлік тексеруден өткізу туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- Әскер жасына дейінгі жастарды 2004 жылғы кезекті дәрігерлік тексеруден өткізу туралы
- Наименование (каз.)
- Әскер жасына дейінгі жастарды 2004 жылғы кезекті дәрігерлік тексеруден өткізу туралы
- Вид акта
- Иной акт
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 9-91
- Дата принятия
- 19.09.2004
- Показанная редакция
- 19.09.2004 · действующая 21758_195711.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 19.09.2004
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- P040001134_
- Идентификатор ЭКБ
- 21758
- Идентификатор редакции
- 21758_195711
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 19:40
0 Әскер жасына дейінгі жастарды 2004 жылғы кезекті дәрігерлік тексеруден өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы "Жалпыға бірдей әскери міндеттер мен әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес облыс әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Облыстық бағыныстағы аудандар мен қалалар әкімдеріне:
1 1) 2004 жылдың 1 қазаны мен 30 желтоқсан аралығында 15-16 жастағы, сондай-ақ 18 жастағы бозбалаларды шақыру комиссиясының дәрігерлері жасөспірімдер кабинетінің терапевтері мен педиатрларын тікелей қатыстыра отырып, медициналық тексеруден өткізсін;
2 2) дәрігерлік тексеру жөніндегі аудандық комиссиялардың жеке құрамын құрсын және бекітсін;
3 3) Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, әскер жасына дейінгі жастарды емдеп-сауықтырудың кешенді жоспарын әзірлесін.
2 2. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасына (А.Д.Дүйсекеевке):
1 1) дәрігерлік тексеруді сапалы өткізу үшін аудандық комиссияларға тәжірибелі дәрігер-мамандар, қажетті орта буынды медициналық персонал, сондай-ақ медициналық құрал-жабдықтар бөлсін;
2 2) дәрігерлік тексеру жөніндегі комиссиялардың мүшелерімен және жасөспірімдер қызметінің дәрігерлерімен 2004 ж. 28 қыркүйекке дейін дәрігерлік тексеру өткізудің тәртібі туралы сабақ өткізсін;
3 3) жасөспірімдерді флюорографиялық және лабораториялық зерттеуден, қажет болған жағдайда стационарлық емдеу мен тексеруден өткізсін, осы жағдайлар үшін мақсатты пайдалануға ауруханада төсектер бөлуді қарастырсын;
4
4) қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер мен басқармаларға шақыру комиссиясы үшін облыстық туберкулез және тері-венерологиялық диспансерлерде, облыстық психикалық сауықтыру орталығы мен дәрігерлік-әлеуметтік түзетудің облыстық наркологиялық орталығында амбулаториялық емделуші аурулардың жеке карталарын (N 025у нысан), оларға қосымша бетшелер (N 025-1у нысан), сондай-ақ тізімдерін берсін;