2005 жылы Железин ауданы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
ҚАЗ2005 жылы Железин ауданы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Данные из ЭКБ обновлены 03.08.2026
Реквизиты и источник
- Полное наименование
- 2005 жылы Железин ауданы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
- Наименование (каз.)
- 2005 жылы Железин ауданы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
- Вид акта
- Постановление
- Юридическая сила
- Действует
- Код статуса в реестре
- new
- Номер
- 259/18
- Дата принятия
- 24.12.2004
- Показанная редакция
- 24.12.2004 · действующая 22614_327716.kaz
- Всего редакций в базе
- 1
- Последнее изменение
- 24.12.2004
- Язык текста
- казахский
- НГР (номер госрегистрации)
- V04P0002868
- Идентификатор ЭКБ
- 22614
- Идентификатор редакции
- 22614_327716
- Первоисточник
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Данные обновлены
- 03.08.2026 19:20
0 2005 жылы Железин ауданы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5 бабына сәйкес, тұрғындардың әлеуметтік қамтылмаған санаттар жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау және жұмыс табуға жәрдемдесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Тұрғындардың нысаналы топтары құрамына кіретін тұлғалардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2 2. Аудандық тұрғындардың жұмыспен қамту бөлімі кәсіпорындар мен ұйымдармен келісімшарттар бойынша 60 (алпыс) тұрғындардың нысаналы топтары жұмыссыздары әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырсын.
3 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың қоса беріліп отырған нұсқаулығы бекітілсін.
4 4. Аудандық тұрғындарды жұмыспен қамту бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы келісімшарттарды жұмыс берушілермен олардың тапсырыстары негізінде жасасын.
5
5. «2004 жылы Железин ауданының кәсіпорындары мен ұйымдары бойынша әлеуметтік жұмыс орындарын құру туралы» аудан әкімдігінің 2004 жылғы 15 қаңтардағы № 02/1 қаулысының күші жойылды деп танылсын (МТН 2292, 2004 жылғы 13 ақпаннан, аудандық «Родные просторы» газетінің 2004 жылғы 6 наурыздағы № 2 санында жарияланған).
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Мардановаға жүктелсін.
7 Железин ауданы бойынша тұрғындар нысаналы топтарының тізбесі
Железин ауданы әкімдігінің
2004 жылғы «24» желтоқсан
«2005 жылы Железин ауданы бойынша
тұрғындарды жұмыспен қамту
саласында азаматтарды әлеуметтік
қорғау бойынша қосымша шаралар
туралы» № 259/18 қаулысымен бекітілді
Железин ауданы бойынша тұрғындар нысаналы топтарының тізбесі
1 1. Дәулеті шамалы, тұрмысы нашарлар.
2 2. 24 жасқа дейінгі жастар.
3 3. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелейтін жалғыз, көп балалы ата-аналар.
4 4. Жалғыз азаматтар.
5 5. топ мүгедектері.
6 6. Бас бостандығынан айыру жерлерінен шыққан тұлғалар.
7 7. Репатрианттар (оралмандар).
8 8. 50 жасты және одан жоғары тұлғалар.
9 9. Бір де бір жұмыс істейтін кісі жоқ отбасылардың жұмыссыздары.
10 10. Бір жылдан астам, көп уақыт жұмыс істемеген тұлғалар.
18 Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша Нұсқаулық
Железин ауданы әкімдігінің
2004 жылғы «24» желтоқсан
«2005 жылы Железин ауданы бойынша
тұрғындарды жұмыспен қамту
саласында азаматтарды әлеуметтік
қорғау бойынша қосымша шаралар
туралы» № 259/18 қаулысымен бекітілді
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бойынша
Нұсқаулық
Осы Нұсқаулық тұрғындары нысаналы топтарының жұмыссыздары жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарының ұйымдастыру ретін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орнын ұсынатын ұйымдармен (меншік нысанына тәуелсіз) есеп айырысу жүйесін және негізгі шарттарын реттейді.
1 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі түсініктер:
1
1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмысқа алынған қызметкерлер еңбегін төлеу үшін жұмыс берушінің жіберген шығындарын жергілікті бюджет қаражатын есебінен бөлшектеп өтейтін жұмыспен қамту мәселелері бойынша өкілетті органдарда тіркелген тұрғындардың нысаналы топтарының жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін жұмыс беруші арнайы ұсынатын немесе жасайтын жұмыс орны.